Без рубрики

Ансамбль пәнінен қорытынды мемлекеттік аттестаттау емтиханын тапсыру сәтінен.

02150100- Аспаптық орындау4S02150103 -Халық аспаптарына мамандандыруХалық аспаптары домбыра, қобыз мамандықтары бойынша “Дирижерлеу және оркестрмен жұмыс жасау” және Дәстүрлі ән салу мамандығы бойынша Ансамбль пәнінен қорытынды мемлекеттік аттестаттау емтиханы тапсыру сәтінен.

Ансамбль пәнінен қорытынды мемлекеттік аттестаттау емтиханын тапсыру сәтінен. Read More »

02150400 – «Хорды дирижерлау» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан

2150400 – «Хорды дирижерлау» мамандығы бойынша бітіруші түлектердің хорды дирижерлау және хормен жұмыс жасау пәндерінен қорытынды мемлекеттік емтихан тапсыру сәті.

02150400 – «Хорды дирижерлау» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан Read More »

4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Атырау қаласындағы Ту тұғыр алаңында салтанатты Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.

Маңызды мерекелік шараға колледжіміздің студенттері белсене қатысып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне деген құрметтерін көрсетті. Іс-шара барысында жастар елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты сезініп, Тәуелсіз Қазақстанның басты нышандары — Ту, Елтаңба және Әнұранның маңызын терең түсінді. Мемлекеттік рәміздер — ел егемендігі мен бірлігінің, ұлттық құндылықтар мен рухани тұтастықтың айқын белгісі екені тағы бір мәрте насихатталды.??

4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Атырау қаласындағы Ту тұғыр алаңында салтанатты Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Read More »

29 мамыр күні колледжде кезекті Индустриялық Кеңес пен Облыстық балалар музыка мектептері директорлары кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті.

Мәжілістің негізгі мақсаты — колледжде іске асырылатын білім беру бағдарламаларының өзектілігі мен сапасын арттыру, олардың еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытында ұсыныстар әзірлеу болды. Сонымен қатар, кадрлар даярлау сапасын жетілдіру және жұмыс берушілермен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылды. ?Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

29 мамыр күні колледжде кезекті Индустриялық Кеңес пен Облыстық балалар музыка мектептері директорлары кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Read More »

Колледж ұжымы атынан Гүлнара Манаповна баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

«Ұлы Жеңіс – халқымыздың ерлігі мен бірлігінің, батырлығы мен отансүйгіштігінің жарқын көрінісі. Майданда жанын қиған қаһармандардың есімі мен тыл еңбеккерлерінің өлшеусіз еңбегі әрдайым құрметке лайық. Олардың ерлігі – кейінгі ұрпаққа мәңгілік өнеге. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың қадірін ұлықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға береке мен бақ-дәулет тілеймін», – деп ізгі тілегін білдірді Гүлнара Манаповна. Бұл

Колледж ұжымы атынан Гүлнара Манаповна баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Read More »

47-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТАҒЫ ЖЕҢІСІМІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2026 жылдың сәуір айында Өскемен қаласында музыкалық колледждердің жас орындаушылары арасында өткен 47-ші Республикалық конкурсында «Прима-қобыз» номинациясы бойынша Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясының студенттері жоғары нәтижелерге қол жеткізді. I орынТамбай АрайлымОқытушысы – Г.Э. КуанышбаеваСүйемелдеуші – Л.А. Кенжегарина Диплом иегеріЕлдос ДильнараОқытушысы – Ә.М. КалекешеваСүйемелдеуші – О.У. Ференс Жеңімпаздарымызды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық

47-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТАҒЫ ЖЕҢІСІМІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

Колледжіміздің студенттері XVIII Республикалық кіші олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өткен XVIII Республикалық кіші олимпиадада колледжіміздің студенттері жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, оқу ордамыздың мерейін үстем етті. «Прима қобыз» номинациясы бойынша:🥈 II орын – Тамбай АрайлымОқытушысы – Г.Э. КуанышбаеваСүйемелдеушісі – Л.А. Кенжегарина Ф. Балғаева атындағы арнайы дипломмен Елдос Дильнара марапатталды.Оқытушысы – Ә.М. КалекешеваСүйемелдеушісі – О.У. Ференс Жеңімпаздарымызды, олардың ұстаздары мен

Колледжіміздің студенттері XVIII Республикалық кіші олимпиадада жүлделі орындарға ие болды Read More »

XVIII Республикалық кіші олимпиададағы жарқын жеңіс: колледжіміздің дәстүрлі әншілері жүлделі орындарға ие болды

20 сәуір күні Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы қабырғасында өткен XVIII Республикалық кіші олимпиадада “Дина Нұрпейісова атындағы ХМА” Атырау музыка колледжінің Дәстүрлі ән салу ПБ 3-4 курс студенттері жүлделі орындарға ие болды.Халық әні номинациясы бойынша:🥉 III орын — Жақсылық Қанатжан 4-курс Жыршылар номинациясы бойынша:🥉III орын — Амангелді Айым 3-курс «Ж.Жабаев атындағы» арнайы жүлде

XVIII Республикалық кіші олимпиададағы жарқын жеңіс: колледжіміздің дәстүрлі әншілері жүлделі орындарға ие болды Read More »