ПЦК Концертмейстер

Концертмейстер, яғни сүйемелдеуші, есімі бас әріппен жазылатын жанжақты тұлға, студент үшін ол оқытушы да, психолог және дос болып білетін кәсіпқой. Сахнаға шығардың алдында дәл сол адам соңғы қолдау-өсиет сөздерін айтады.
Кезкелген аспапта орындаушы немесе әншінің сәттілігінде өзін-өзі біртұтас нәрсенің бөлігі ретінде айқын сезінетін, жеке орындаушыны терең түсінетін сүйемелдеушінің рөлі өте маңызды болып келеді. Көптеген пианистер оқытушылықты сүйемелдеушілік қызметпен қатар алып жүрген. Бұрыңғы училище, қазіргі таңда колледж тарихында Коновалова Б.М. Вагнер В.А., Белоножкина Е.В, Просвирнина Л., Ургарчева В. ,Подзвездова В.А., Портнова Т., Ишханова Г.Б., Богосьян К.А., Гладкова Н., Понаморева И.,Булекбаева Г.С.,Поплевина О.В., Садуахасова Г.М., Шинбаева А.Т Турагалиева А., Каргина Е.Н.,Башкова О, Попивчак О., Овсепьян Ж.Г., Шмелева В.В ., Варочкина О., Колесник Т, Соколова Т.Б., Бекмаганбетова Г., Исенбаева Н., Катаржиева Л., Войтова Е.Ю.,Ажекенова Г.С., Арипова А. Першина Е.П., Тен Л.С. концертмейстер қызметін атқарып келді.
2015 жылы Атырау музыка колледж базасында колледж директоры, өнертану ғылымдарының кандидаты Г.М.Садуахасованың бастауымен тұңғыш рет концертмейстерлер пәндік цикл комиссиясы ұйымдастырылды. Бастапқыда концертмейстерлер «Арнаулы фортепиано» пән оқытушысы О.В.Поплевинаның жетекшілігнде «Фортепиано-оркестр» бөлімінің құрамында болды. Қазіргі күні ПЦК-да тәжірибелі концертмейстерлер қызмет атқаруда: Сыздыкова А.Е., Козырь Н.Ж., Ференс О.У., Мартиросьянц Е.В., Ереулиева А.А. Сонымен қатар ұжымға жаңа буын мамандар да қосылды: өнертану ғылымдарының магистрі Я.Р.Усеинова, А.Е.Мулдагалиева, Давыдова О.А., Молдагалиева А.Е., магистрі Доскабылова А.Т., Зинетов Д.Н., Усеинова Я.Р., магистрі Алпамыс Д.А., магистрі Кенжегарина Л.А.
«Үрлемелі-соқпалы аспаптар» бөлімінде ұзақ жылдар бойы сүйемелдеуші болған, «Арнаулы фортепиано» пән оқытушысы Ж.Г. Овсепьян ПЦК меңгерушісі болып келеді.
Барлық концертмейстерлер жас мамандармен тәжірибе аламсып, өз жұмыстарына шығармашылықпен қарайды. Концертмейстердің күнделікті тұрмысын сабақтар, дайындық, емтихандар, концерттер, сайыс-байқаулар құрайды. Сонымен қатар ПЦК-ның әдістемелік жұмысы да белсенді , яғни әдістемелік баяндамалар, ашық сабақтар, педагогикалық оқуларға қатысулар орын алады.
2015 жылдан бастап колледж директоры Г.М.Садуахасова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Нигметованың қолдауларымен дәстүрге айналған «Музыкальная палитра» атты концертмейстерлер шеберлігінің фестивалі өткізіліп жүр. Мұнда сүйемелдеушілер жеке орындаушыларды өздері шақырып, түрлі жанрдағы, қызықты бағдарламаны өнер сүйер қауымына ұсынады. ПЦК ұжымы біліктіліктері мен кәсіби деңгейлерін үнемі жоғарылатуда, атап кетсек, Астана, Алматы, Дондағы Ростов, Астрахань, Петербург қалаларында біліктілікті жоғарылату курстары мен шеберлік сағаттарына белсене қатысып жүр.
Концертмейстерлер көптеген түрлі дәрежедегі сайыс-байқаулардың лауреаттарды дайындады және Барлық концертмейстерлер Диплом мен Грамоталармен марапатталды. А.Е.Сыздықова мен Е.В. Мартиросьянц «Алаш ұстазы» атты медалімен марапатталды.