Жиі-қойылатын сұрақтар

Атырау музыка колледжінің 2019-2020 оқу жылына арналған қабылдау.
Ережелері
Қабылдау Ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «19» қаңтар № 130 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» негізінде жасақталды.
«Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжіне жалпы орта білімі (11сынып) бар немесе жалпы орта білім беретін мектептің негізгі сатысын (9 сынып) бітірген Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.
«Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжіне оқуға түсу кезінде:
1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін;
5) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін квота көзделеді.
Қабылдау ережелері туралы ақпарат, сонымен бірге қабылдау комиссияларының ұйымдастыру және жүргізу туралы шешімдері, емтихан кестесі, тіркеу мерзімдері оқуға тапсырушыларға уақытында жеткізілуі тиіс.
«Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжіне оқуға түсуші талапкерлердің арызын төмендегі мамандықтар бойынша қабылдайды:
0404000 – Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша) мамандығы бойынша:
040401 3 – фортепиано /балалар музыка мектебінің оқытушысы, концертмейстер/
040403 3 – халық аспаптары (домбыра-тенор, бас домбыра, домбыра-прима, шертер, қобыз- прима, қылқобыз, бас-қобыз, альт-қобыз, баян) /балалар музыка мектебінің оқытушысы, халық аспаптар оркестрінің әртісі (жетекшісі)/
0405000 – Хор дирижеры /хормейстер, оқытушы/
0406000 – Музыка теориясы, /балалар музыка мектебінің оқытушысы/
0407000 – Ән салу (9кл) негізгі мектепті бітіргендер қабылданады/
040701 3 – Академиялық ән салу /балалар музыка мектебінің оқытушысы, академиялық ән салу әртісі, ансамбль солисі/
040702 3 – Домбырамен халық әндерін орындау / балалар музыка мектебінің оқытушысы, домбырамен халық әндерін орындау әртісі/
0409000 – Актерлік өнер (11 кл) /драма театр әртісі/
Шығармашылық мамандықтарға құжаттар қабылдау 20 маусымнан 20 шілдеге дейін жүргізіледі, арнайы немесе шығармашылық емтихандар 22-29 шілде аралығында өтеді.
Оқуға түсушілер колледжге қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың төлнұсқасын, “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын, 3×4 көлеміндегі 4 фотосурет, жалпы орта білім беретін оқу орнын биыл бітіруші түлектер ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерінің сертификатын (ҰБТ), жеке басын куәландыратын құжат тапсырады.
Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.
Қабылдау квотасы қарастырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуші тұлғалар санатты растайтын құжаттарын ұсынады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
босқын – босқынның куәлігі;
пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
оралман – оралман куәлігі;
Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
Қабылдау емтихандары орнынан:
Жалпы білім беретін оқу орнын биыл бітірушілер және балалар музыка мектебін бітіргендер үшін ҰБТ сертификатының балы есептеледі және 2 арнайы емтихан – «Мамандық», 0404000 «Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы» (түрлері бойынша), 0407000 «Ән салу», 0405000 «Хор дирижеры» мамандықтары бойынша «Музыка сауаты және сольфеджио» пәндерінен тапсырады. 0409000 «Актерлік өнер» мамандығы бойынша 1 арнайы емтихан – «Мамандық» пәнінен тапсырады.
Жалпы орта білім беретін оқу орнын алдыңғы жылдары бітіргендер және балалар музыка мектебін бітіргендер 2 пәннен: «Қазақ тілі» немесе «Орыс тілі», «Қазақстан тарихы» және 2 арнайы емтихан «Мамандық», «Музыка сауаты және сольфеджио» пәндерінен тапсырады.
Жалпы орта білім беретін оқу орнының негізгі сатысын бітіргендер 1 пәннен «Қазақ тілі» немесе «Орыс тілі» және 2 арнайы емтихан «Мамандық», «Музыка сауаты және сольфеджио» пәндерінен тапсырады.
Балалар музыка мектебін бітірмегендер үшін 2 арнайы емтиханның орнына музыкалық қабілеті (есту, есте сақтау, ырғақ) бағаланады.
Арнайы емтихандар мамандықтың ерекшелігіне байланысты белгіленеді және кешенді тестілеуден бұрын болады. Шығармашылық емтихандар колледж бекіткен бағдарламалар бойынша тапсырылады.
Арнайы пәндер бойынша «2» бағасын /1-7 балл аралығы/ алғандар немесе емтиханға себепсіз қатыспағандар, келесі емтихандарға жіберілмейді.
«Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжіне оқуға түсушілердің қабылдау емтихандарын қазақ және орыс тілдерінде тапсыру құқығы бар. Жалпы білім беретін пәндерден тапсыру емтиханы тест түрінде өтеді.
Қабылдау емтихандарын өткізуде:
Әрбір пән бойынша сұрақтар саны 25. Дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады. Екі пәннен тұратын кешенді тестілеуге 1 сағат 30 минут уақыт беріледі. Кешенді емтихандардың дұрыс жауап коды тест өткізгеннен соң ілінеді. Арнайы емтихандар, кешенді тестілеу қорытындылары емтихан өткізген күні хабарланады.
Қабылдау комиссиясы арнайы емтихандарда алған «3», «4», «5» бағалары бойынша сәйкесті балл санын есептейді: 3-тік баға – 8-16 балл аралығы, 4-тік баға -17-24 балл аралығы, 5-тік баға -25 балл. 1-7 аралығында балл алған талапкер келесі емтиханға жіберілмейді.
Қабылдау емтихандары кезінде ортақ талаптардың орындалуын қадағалау мақсатында, талас тудырған мәселелерді қарау, оқуға түсушілердің құқығын қорғау үшін апелляциялық комиссия құрылады.
Тест қорытындылары немесе қабылдау емтихандарының қорытындыларымен келіспеуші тұлға шағым білдіруіне құқығы бар.
Апелляцияға өтініш арнайы және шығармашылық емтихандар, кешенді тестілеу қорытындыларының нәтижелері жарияланғаннан кейін апелляциялық комиссиясына келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.
Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Колледжге түсуші азаматтар оқушылар құрамына конкурстық негізде 1 тамызға дейін қабылданады.
Конкурс:
-оқу орнын биыл бітіруші түлектердің ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерінің (ҰБТ) сертификаты негізінде;
-колледжде өткізілген арнайы емтихандар және кешенді тест қорытындыларының баллдары (бағалары) негізінде жүргізіледі.
Кешенді тестілеу қорытындысы бойынша баллдың жалпы саны 30% -дан төмен көрсеткен азаматтар оқушылар құрамына қабылдау конкурсына жіберілмейді.
Қазақстан Республикасының заңдарына және Үкімет қаулысына сәйкес тең балл алған жағдайда:
-жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға;
-үздік куәлік, аттестат, диплом құжаттары бар талапкерлерге артықшылық мүмкіншілігі беріледі.
Артықшылық мүмкіндігімен тіркелуге құқығы бар талапкерлер дәлелді құжаттарды ұсынуға міндетті.
Колледжге тіркеу қабылдау комиссиясының ашық мәжілісінде конкурстық негізінде мамандықтар, бөлімдер және оқыту тілі бойынша жеке-жеке жүргізіледі.
Оқуға түсушілерге жаңа оқу жылына қабылдау туралы хабарлама ақпарат құралдары арқылы беріледі.
«Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі белгіленген нысандарда облыстық білім беру басқармасына есеп береді, ал колледжге тіркеу аяқталған соң 10 күн мерзімінде колледжге қабылдау туралы қорытынды мәтіндік есеп ұсынады.
Осы қабылдау ережелерінде көрсетілмеген сұрақтар колледждің қабылдау комиссиясымен шешіледі.

«Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжіне жалпы орта білімі (11сынып) бар немесе жалпы орта білім беретін мектептің негізгі сатысын (9 сынып) бітірген Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.