Негізгі ақпарат
«Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі жанындағы балалар музыка мектебі қосымша музыкалық білім беретін балаларға арналған білім беру мекемесі. 1992 жылы Облыстық мәдениет басқармасының шешіміне орай, «Ұстаздық тәжірибе» пәні аясын кеңейту мақсатында кезіндегі Гурьев музыка училищесінің жанынан ақылы негізде балалар музыка мектебі (БММ) ретінде ашылды. Музыкалық білім алудың бірінші сатысы болып есептеледі, бітіруші түлекке куәлік беріледі.
Жұмыс бағыты
Негізгі жұмыс бағыты – алғашқы музыкалық білім беру ( 5 және 7 жылдық музыкалық білім беру бағдарламасынан тұрады) БММ әкімшілігінің мектепішілік басқару қызметі ҚР «Білім беру туралы» Заңына сәйкес нормативті және бағдарламалық-әдістемелік құжаттары негізінде атқарылады. Мақсаты – Қазақстан Республикасының интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру, балалардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту, рухани және азаматтық, полимәдениетті тәрбие беру. БММ әкімшілігінің жұмысы оқытушылардың жан – жақты ізденісін, жаңа репертуарды, педагогикалық технологияларды енгізу мен оқушылардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен шығармашылық мүмкіндіктерін ескере отырып, тұлғаны жан – жақты дамыту жүйесін ойлап табуға, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған .
БММ міндеттері:
Гуманистік педагогика және балалармен жан-жақты әрі кәсіби жұмыс істеу принциптерін жүзеге асыру. Оқуға деген талпыныс пен психологиялық – педагогикалық жағымды орта қалыптастыру. БММ оқушыларын оқыту барысында инновациялық технологияларды қолдану.
Әдістемелік жұмыс
БММ-нің барлық әдістемелік жұмыстары БММ оқушыларының шығармашылық әлеуетін дамыту, олардың музыкалық ынталарын, техникалық мүмкіндіктерін, шығармашылық қабілеттерін арттыру мәселелерін шешуге бағытталған. БММ - дегі әдістемелік жұмыс белсенді формаларды, оқыту құралдарын және әдістерді жалпыландыру және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді қолданып, оқытушылардың шеберлігін, теориялық дәрежесін арттыру негізінде оқытушылардың оқыту-тәрбиелік үрдісін ұйымдастыруға көмек ретінде бағытталған. БММ-де ашық сабақтар, шеберлік сағаттар, класс концерттер, оқыту- педагогикалық репертуарды орындаудың сараптамалары, әдістемелік жұмыстары жүргізіледі.
Тәрбие жұмысы
БММ-де тәрбие жұмысы мәдени, азаматтық, патриоттық , эстетикалық тәрбиені қамтитын полимәдени тұлғаны тәрбилеуге бағытталған.
Концерт на тему "Зимние зарисовки"
Т.Д.Чапуринаның класс концерті
"Музыкалық мозайка" Е.Н.Каргинаның оқушыларының класс концерті
"Концерт "Путешествие в удивительный мир"