«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы»

Атырау музыка колледжіне жаңадан қабылданған және 1 –4 курс білім алушылары және ата-аналар назарына!

Жатақханалардағы орындарды бөлу жөніндегі конкурстық комиссия құжаттарды 28 –31 тамыз аралығында қабылдайды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №66 бұйрығына сәйкес жатақханадағы орындар бірінші кезекте төмендегі санаттарға жататын студенттерге беріледі:

  1. даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар;
  2. кәмелеттік жасқа жеткенге дейін ата-аналарынан қамқорлығынсыз қалған білім алушылар;
  3. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан білім алушылар;
  4. «Алтын белгі» иегерлері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және/немесе конкурс жеңімпаздарының немесе жүлдегерлерінің сертификатын иеленген білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, білім туралы растайтын құжаты бар (аттестат, диплом) білім алушылар;
  5. оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғары курс студенттері қатарындағы білім алушылар;
  6. өзге де білім алушылар.

Қажетті құжаттар:

1️⃣ колледж директоры атынан жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2️⃣ жеңілдік санаттарын растайтын құжаттар;
3️⃣ форма 075 (медициналық анықтама);
4️⃣ жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).

🔵 Жатақханадан орын беру туралы өтініш оқу ғимаратының 2-қабатындағы №223 кабинетінде 28–31 тамыз күндері қағаз түрінде қабылданады.

⏱️ Жұмыс уақыты: сағат 9:00–18:00.
Түскі үзіліс: 13:00–14:30.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *