Колледжіміздің студенттері XVIII Республикалық кіші олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өткен XVIII Республикалық кіші олимпиадада колледжіміздің студенттері жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, оқу ордамыздың мерейін үстем етті.

«Прима қобыз» номинациясы бойынша:
🥈 II орын – Тамбай Арайлым
Оқытушысы – Г.Э. Куанышбаева
Сүйемелдеушісі – Л.А. Кенжегарина

Ф. Балғаева атындағы арнайы дипломмен Елдос Дильнара марапатталды.
Оқытушысы – Ә.М. Калекешева
Сүйемелдеушісі – О.У. Ференс

Жеңімпаздарымызды, олардың ұстаздары мен сүйемелдеушілерін шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жетістіктер – табанды еңбектің, кәсіби шеберліктің және өнерге деген адалдықтың жарқын көрінісі. Алдағы уақытта да шығармашылық шабыттарыңыз артып, биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспіз!

Жеңістеріңіз құтты болсын!

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *