Актер өнері және Жалпы фортепиано ПБ

Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. 2006 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының мамандарға сұранысы негізінде «Актер өнері» мамандығы ашылды.
Алғаш болып сол кездегі театр режиссері Тілеген Ахметов және облыстық драма театрының актері, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Төлеген Жангелдиев студенттерге дәріс берді. Осылайша алғаш рет ашылған музыка колледжінің қабырғасында актер өнері класы басқа мамандықтармен қатар қадам бастады.
Қазіргі таңда актер өнері бөлімінің меңгерушісі және арнайы пәндер оқытушысы жас маман Ақназкен Байжан колледждің өміріне қарқынды араласып, ұстаздық қызметке белсенді кірісті. Қосымша негізде Т.Жангельдиев, А.Ихсанов, Ж.Тельтаев, А.Аманғалиевалар еңбек етеді.
Бөлім студенттері қалалық,облыстық, республикалық сайыстардың лауреаттары. Бүгінде актер өнері мамандығы бойынша колледжді алты түлек бітіріп шықты. Г.Қабиева, Ә.Нұрланұлы, М.Қонысова сияқты түлектер облысымыздың мақтаныштары – М.Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрының білікті мамандары.
Ақназкен Байжан 1986 жылы Махамбет ауданы, Жалғансай селосында дүниеге келген. 2003-2007 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының Драма театр әртісі мамандығын үздік дипломмен тәмамдаған. 2007 жылы Атырау облыстық мәдениет басқармасы және Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының арнайы шақыруымен театрда әртіс болып еңбек жолын бастады. «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінде 2009 жылдың қыркүйек айынан «Актер өнері» бөлімінің қосымша оқытушысы, 2011 жылдың маусым айынан бастап негізгі оқытушылық қызметте. 2012 жылдан бастап «Актер өнері» бөлімі студенттерінің топ кураторы және бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. «Актер өнері» және «Ән салу» мамандықтары бойынша арнайы пәндерден жұмыс оқу бағдарламаларын жасақтады.
А.Байжан қоғамдық жұмыстарға, колледжішілік және қала, облыс көлемінде өткізілетін барлық шараларға белсене қатысады. 2012 жылы сәуір айында өткізілген V республикалық көркемсөз оқушылар сайысында әділ қазылар алқасының мүшесі болды. 2011-2012, 2012-2013, 2013-2014 оқу жылдарында колледжге студенттер қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қызметін жауапкершілікпен атқарып келеді.
Оқытушы А.Байжанның шәкірттері әр түрлі деңгейдегі сайыстарға қатысып жоғары көрсеткіштерге ие болып жүр.Атап айтса,Тілекова Г– Бас жүлде – М.Сүндетовтың «Туған елін жырлаған» атты облыстық көркемсөз оқушылар сайысы, 2011 жыл. Теннағимова Р.- ІІ орын – М.Сүндетовтың «Туған елін жырлаған» атты облыстық көркемсөз оқушылар сайысы /2011 ж/, ІІ орын – Н.Жантөрин атындағы V ші Республикалық көркемсөз оқушылар сайысы /2012 ж/, ІІІ дәрежелі Лауреат – «Таланттар шоқжұлдызы» ІІ Республикалық конкурс-фестиваль /2013 ж/. Құлшаров Е -ІІІ орын – Н.Жантөрин атындағы V ші Республикалық көркемсөз оқушылар сайысы /2012 ж/, Дипломант – «Таланттар шоқжұлдызы» ІІ Республикалық конкурс-фестиваль /2013 ж/. Мұханғалиева А –Бас жүлде – «Ақ Жайық Аруы» байқауы /2012 ж/. Мұқтарұлы Н- Дипломант – «Таланттар шоқжұлдызы» ІІ Республикалық конкурс-фестиваль /2013 ж/. Бейсенова Ә – Дипломант – «Таланттар шоқжұлдызы» ІІ Республикалық конкурс-фестиваль /2013 ж/, Атырау облыстық кәсіптік-техникалық колледж студенттері арасында өткізілген «Айналайын қазақтың қыздарын-ай» байқауында ІІ Дәрежелі дипломға ие болды.
А.Байжан колледж әкімшілігінің «Алғыстарына» ие болып, облыстық мәдениет Басқармасы, облыстық Білім беру Басқармасы, Атырау қаласы әкімінің «Алғыс» хаттары мен «Құрмет» грамоталарымен марапатталды.