Ән-хор ПБ

Баян пән бірлестігі
Қазіргі таңда бірлестікте «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, бірлестік төрағасы Камалиденов Ерболат Әнесұлы, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлектері Султанова Гулайым Мухитовна, Күзембаева Дильвара Ғажапбекқызы, Өмірғали Баубек Нұрланұлы, Көшеров Ерік Сағынәліұлы қызмет атқарып келеді. Бірлестігінің кәсіби деңгейдегі жетістіктері айтарлықтай. Шәкірттер облыстық, Республикалық, Халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанып жүр. Атап айтса, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ұйымдастыруымен өткен республикалық олимпиада лауреаттары: 2018 жылы Қараша айында Петропавл қаласында өткен Республикалық Дельфийлік ойындар сайысына пән бірлестігінің студенттері қатысып, 3 курс студенті Жанәбіл Р – 3 орынды /оқытушысы Камалиденов Е.Ә./, 1 курс студенті Талапұлы Қ /оқытушысы Камалиденов Е.Ә./– 2 орынды иеленіп, лауреат атанды. Наурыз айында Астана қаласында өткен Республикалық 39 – колледжаралық конкурста Р.Жанәбіл – 2 орынды, сәуір айында Алматы қаласында Құрманғазы атындағы қазақ Ұлттық консерваториясында Республикалық олимпиадада Н. Сатыбалдыұлы– 2 орынды, Ж.Темірбекұлы – 3 орынды, Д.Қарапеденов– 3 орынды иеленіп, А.Қабаева – алғыс хатпен марапатталды; мамыр айында Атырау қаласында өткен облыстық Дельфий ойындарында – Н.Сатыбалдыұлы – 1 орынды, Ж.Нұржан – 2 орындарды иеленді. 2019 жылы XXXL – Республикалық колледж орындаушылардың конкурсында Сатыбалдыұлы Нұрдаулет – 4 орын., «Харламов» атындағы арнайы жүлде;
ІІ Халықаралық «Еуразия кубогы» баян және аккордеон аспаптарында орындаушылар конкурсында «Жеке орындау» номинациясында Жанәбіл Райымбек – 2 орын., «Ансамбль» номинациясы бойынша Жанәбіл Райымбек, Сатыбалдыұлы Нұрдаулет – 1 орын;
Облыстық Дельфий ойындарында – Қарапеденов Данияр – 3 орын., Муфтоллаев Ертілек – 2 орын., Төремұратов Ұлағат – 1 орын;
Республикалық Кіші олимпиадада – Темірбекұлы Жанболат – 3орын., Қабаева Армангүл – 2орын., Сатыбалдыұлы Нұрдаулет – 1 орын иеленді.
Елбасының Атырау қаласына іссапарына байланысты, концерттік шараларға баянисттер дуэті Жанәбіл Р, Сатыбалдыұлы Н қатысты.
Ақпан айында Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаттары Жанәбіл Райымбек, Сатыбалдыұлы Нұрдаулеттің «Шарықта әуен» атты концерті өтті. Концертте «Нарын» халық оркестрінің қатысуымен, жоғары деңгейде өтті.
2020 жылы Қараша айында Ресей Федерациясының Астрахань қаласында «Каспий толқындары» атты орыс халық аспаптарында орындаушылар сайысы өтті. Конкурс деңгейі жоғары болды. Бірлестік студенттері қатысып, Төремұратов Ұ, Нұржан Ж, Қабдолова Ж – дипломант, Талапұлы Қ – алғыс хатпен марапатталды.
Халықаралық «Астана Мерей» онлайн конкурсында 4 курс студенті Төремұратов Ұлағат 3 орын иеленіп, дипломмен марапатталды. Оқытушысы Е.Ә.Камалиденов. Республикалық Кіші олимпиада конкурсы бойынша, Төремұратов Ұ – 1 орын /ұстазы Камалиденов Е.Ә./, Талапұлы Қ, Қабдолова Ж – 2 орын /ұстазы Камалиденов Е.Ә./, Нұржан Ж – 3
Желтоқсан айында бірлестік оқытушысы Е.Ә.Камалиденов «Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ұйымдастыруымен өткен, Республикалық кіші олимпиада да Төремұратов Ұ – 1 орын /ұстазы Камалиденов Е.Ә./., Қабдолова Ж, Талапұлы Қ – 2 орын /ұстазы Камалиденов Е.Ә./., Нұржан Ж – 3 орын /ұстазы Султанова Г.М./ орындарды иеленді.
Хор дирижері мамандарын даярлау бөлімі өз жұмысын 1959 жылы бастады. Бөлімнің алғашқы қалыптасып, дамуына талантты ұстаздар Л.И.Черная, Е.М.Нұрашев, Т.В.Галаган және колледждің алғашқы түлектері В.И.Нагорнов, М.З.Ғайсина, А.В.Мохначевтар көп еңбек сіңірді. 1970 жылдары В.П. Козырь, А.В. Нестеренко, М.П.Кох, 1975 жылдары жұмысқа келген А.Х.Парусимовалардың қосқан үлестері айтарлықтай. Осы оқу орнында хор дирижерлау бөлімінің өркендеуіне өзінің 30 жылдай өмірін жұмсаған аты шулы ұстаз-хормейстер Е.М.Нұрашев- Атырау өңірінде хор өнерінің негізін салушы маман. Ол өмірінің соңғы күндеріне дейін білімін, күш-жігерін, тәжірибесін жас мамандардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге және облыстағы хор өнері мәдениетінің қалыптасуына және дамытуына жұмсады. Ол өз шәкірттері мен тұстастарының есінде жоғары кәсіби білімді, шебер ұйымдастырушы, хор өнерінің шын жанашыры ретінде есте қалды.
Өмір-дерек
Евгений Нұрашев 1927 жылы Семей қаласында дүниеге келді. Әке-шешесінен ерте айрылып, Кемерово балалар үйінде тәрбиеленген. Соғыс жылдары Новосибирск қаласының кәсіптік училищесінде оқып жүрген кезінде ұстаздары оның жоғары музыкалық қабілетін байқап, туған жері Қазақстанға қайтуға кеңес береді. Алматыға келіп, музыкалық училищенің баян класына оқуға түсіп, В.А.Бисмарёваның класында оқиды.Ұстазы өз шәкіртінің сирек кездесетін абсолюттік есту қабілетін байқап, хор-дирижерлау бөліміне ауысуға кеңес береді. Училищені бітірген соң ең талантты маман ретінде Москва консерваториясына жолдама береді. Консерваторияда оркестрде дирижерлау бөлімінде Б.Хоткиннің класынан білім алады. Бірақ материалдық жағдайының ауыр болуына байланысты Алматыға қайтып оралып, Алматы Мемлекеттік консерваториясын Ленинградтық профессор Л. Юшкеевичтің класынан бітіріп шығады.
1962 жылы жолдамамен музыка училищесіне келген ол оқытушылық жұмыспен қатар қаладағы Мұнайшылар мәдениет үйінде өнерлі жастардан құралған хор ұжымын басқарып, облыста хор ұжымының дамуына зор үлес қосты. Е.М.Нұрашев класынан көптеген ізбасарларын дайындап қалдырды.Солардың бірі училищеде ұзақ жылдар оның ұстаздық ізін жалғастырушы М.Гайсина, С.Нигметова, Н.Жұмағалиева, Ж.Нұрғалиев, Г.Загуменов, Л.Гавро, О.Миронова т.б.
Хор өнеріне шексіз берілген ұстаз-хормейстер Т.В.Галаган есімі облыс көлеміне танымал болды. Ол кәсіби мамандар даярлаумен қатар орыс халық хорын ұйымдастырып, оған жұмысшы жастарды және өз класының оқушыларын тартты. Т.В.Галаган класынан тәлім алған түлектер Л.О.Голубева, К.М.Киматова осы бөлімде абыройлы еңбек етіп оның ісін жалғастыруда.
Бүгінде колледждің студенттік хор ұжымы қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді. Атап айтса, Жұбанов коктемі -2009 халықаралық хор конкурсында, 2012 жылы Шоқ жұлдызды таланттар республикалық сайысында Бас жүлде иеленіп Италия мемлекетіне халықаралық сайысқа жолдама алды.
Е.М.Нұрашевтан тәлім алған алғашқы түлектердің бірі М.Ғайсина ұстазының жолын жалғастырып, 35 жылдай колледжде жемісті еңбек етіп, оның 25 жылдай уақытын бөлім меңгерушісі қызметіне жұмсады. Ол бөлімді басқарған жылдары оқушылардың өз білімдері мен мәдениетін шыңдауына және хор ұжымы өнерінің орындаушылық шеберлігі сапасының өсуіне, репертуарының молайуына еңбектенді.
Бөлімнен музыкалық білім алған 420-дан аса кәсіби мамандар республика, облыс көлеміндегі мәдени мекемелер мен музыка және жалпы білім беретін мектептерде, хор ұжымдарында және шет елдерде хор ұжымдарында да еңбек етеді. Колледждің хор ұжымының өнері сонау кезеңдерден өнер сүйер жұртшылыққа кеңінен таныс. Әр жылдары хор басқарған Е.М.Нұрашев, А.Х.Парусимова, М.З.Ғайсиналардың хор өнерінің қалыптасып, дамуына қосқан еңбектері ұшан-теңіз.
Өмір-дерек
Мақыш Гайсина 1942 жылы Гурьев облысы Өрлік ауылында дүниеге келген. 1959 жылы музыка училищесіне түсіп, 1963 жылы хор дирижеры мамандығы бойынша Е.Нұрашевтың класынан үздік бітіріп, аталған училищеге ұстаздық қызметке қалдырылды. Еңбектен қол үзбей жүріп, 1985-90 жылдары Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын оқып бітірді. 1963-98 жылдары аралығында 35 жылдай училищеде ұстаздық етіп, оның 25 жылын хор дирижері бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарып, бөлім жұмысының нығайуына, өркендеуіне үлес қосқан байырғы ұстаздардың бірі. Мамандықпен қатар сольфеджио пәнін жүргізуде үлкен жетістіктерге жетті. Мақыш Зәйітқызының класынан 80-ге тарта маман тәлім алған, олардың көпшілігі жоғарғы оқу орындарын бітіріп, еліміздің түкпір-түкпірінде, көршілес мемлекеттерде еңбек етіп жүр. Хор репертуарын байыту мақсатында қазақ халық әндері мен Қазақстан композиторлары шығармаларын балалар, жасөспірімдер және классикалық құрамдағы төрт дауысты аралас хорларға лайықтаумен белсене айналысып, мемлекеттік тілде Сольфеджио, музыка теориясы терминдері атты әдістемелік оқу құралын дайындады. 1994 жылы Д.Нұрпейісова атындағы музыка колледжінің Аға оқытушысы атағын алды. 1995 жылы колледж бойынша Жыл мұғалімі атағын жеңіп алып, қалалық сайысқа қатысты. 1996 жылы ҚР Білім беру ісінің үздігі атағына ие болды. М.Гайсинадан бітірген түлектердің ішінен: Э.Қожантаева, Ж. Өтепова, О.Канашкина, Н.Иорданиди, Р.Гайсин есімдері өнер әлемінде құрметпен аталады. 1998 жылдан бастап Мақыш Зәйітқызы Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясында ұстаздық ете жүріп, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Музыкалық тәрбие беру кафедрасында қосымша жұмыс жасайды. Осы жылдары М.Гайсина ұйымдастырған балалар хоры мен университеттің студенттер хоры ұжымы өнері үнемі биіктен көрініп келеді. Балалар хоры қалалық Гармония-2005,2006 конкурсының I- жүлдегері, Республикалық Жас музыкант конкурсының үш мәрте жеңімпазы, Москва қаласында өткен халықаралық Бегущие по волнам конкурсында I- орын, Санкт Петербург қаласында Жемчужный хоровод байқауының және Болгарияда өткен Хор ұжымдарының конкурсында Гран При иегері болды. Кіші өнер Академиясында Жеке ән салу мамандығы бойынша тәрбиелеген шәкірттері Сүйекбаев Хамил Ән әлемі байқауының Гран При иегері, Республикалық Жас қанат, Халықаралық Жахан дала байқауының жүлдегері атанып, Астана қаласында Евразия университетінің Өнер бөлімін бітірді; Қуанов Жақсылық, Жұбанов Мағзом ансамбль құрамында биік өнер көрсеткендері үшін дипломдармен марапатталды. М.Жұбанов бүгінде Астана Ұлттық музыка Академиясының 3- курс студенті. Сондай-ақ Мақыш Зәйітқызы- жас ұстаздар мен ұжымдастарына, оқушылар қауымына әрдайым әдістемелік көмек, ақыл кеңес беріп, тәжірибесін бөлісуден аянбайтын, хор музыкасын жанымен ұққан, өнердің осы түрінің өркендеуіне шексіз берілген тәлімгер ұстаз.
Мақыш Зәйітқызының жас мамандар тәрбиелеудегі еселі еңбегі колледж әкімшілігінің, ҚР білім беру Министрлігінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен марапатталып келеді. Екі мәрте Социалистік жарыс жеңімпазы төс белгілерімен Еңбек ардагері медалінің, ҚР білім беру ісінің үздігі төсбелгісінің иегері. Бүгінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті.
Ән-хор бөлімін колледж түлегі ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Клара Киматова басқарады. Бөлім ұстаздары заман талабына сай еңбек етуде. Әр оқу жылында оқушылар хоры мен әншілер ансамблі жаңа бағдарламамен көрермендер алдында концерттер беріп, түрлі деңгейдегі үлкен мәдени шараларға, хор фестивальдеріне қатысады. Хордың қазіргі жетекшісі жоғары санатты оқытушы, колледж түлегі Л.О.Голубева және хормейстері жоғары білімді жас маман А.Қуатқалиева. Ән-хор бөлімі әр жылдары бітірген Г.Загуменов, С.Нығметова, Г.Халелова, М.Әбілова, Х.Асанов, Қ.Сапидуллина, Н.Құрамбаева, Ж.Қаждуанова, А.Қалиева, Е.Гинаятов, В.Бабушкина, Ж.Нұрғалиев, С.Мартиросьянц, Л.Д.Гавро, М.Ералиева, Р.Бисембиева, З.Умиралиева, А.Аналбаева, Б.Кохаманов, Ш.Ғұмарова, Р.Гайсин, Л.Жанарыстанова, Г.Рамазанова, И.Зиябекова, А.Жұматина, Н.Байлауова, Н.Марданова, Х.Айтмұханова, Э.Куртиева, М.Жолмұханова сияқты түлектерін мақтан тұтады.
Өмір-дерек
Клара Киматова 1955 жылы Құрманғазы ауданында дүниеге келген. 1975-79 жылдары Гурьев музыка училищесінің хор-дирижерлау бөлімінде оқыды. Осы жылы жолдамамен жаңа ашылған қалалық балалар музыка мектебіне оқытушылық қызметке орналасты. Сол жылдардан бастап К.Киматованың өз жұмысына тиянақтылығы, ұқыптылығы мен білімділігі байқалды. Еңбектен қол үзбей жүріп, Атырау педагогикалық институтының Педагогика және музыка факультетін бітірді. 1993 жылы тәжірибелі ұстаз ретінде музыка колледжінің хор – дирижері бөліміне оқытушылық қызметке шақырылды. К.Киматова колледжде мамандық, музыкалық тәрбие әдістемесі, сольфеджио оқыту әдістемесі, хор тану, вокалдық ансамбль пәндерінен дәріс береді. Осы жылдары оның алдынан 20-дан аса студенттер бітіріп, өз мамандықтары бойынша БММ, мәдениет салаларында табысты еңбек етіп, қалалық хор сайыстарында жүлделі орынға ие болса (Н.Рахметова,И.Зиябекова), кейбіреулері басқа облыстарда еңбектенуде. Оқушысы А.Қуатқалиева Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітіріп, бүгінде колледжде ұстаздық қызметте. Исатова мен Баймұқатовтар бүгінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында білім алуда. К.Киматова Хор тану, Музыкалық тәрбие әдістемесі, Сольфеджио оқыту әдістемесі пәндерінің оқу материалын қазақ тіліне аударды. 2007 жылы Музыкалық тәрбие әдістемесі және 2011жылы Сольфеджио оқыту әдістемесі, Хор тану оқу құралдары баспадан басылып шығып республика деңгейіндегі музыкалық колледждердің оқу үрдісінде қолданылуда. 2005-06 оқу жылында ашылған Ән салу мамандығының көптеген пәндерінің жұмыс оқу бағдарламаларын жүйелеп, кәсіби тұрғыда жұмыс жасап кетуіне өзінің мол тәжірибесімен үлес қосты. К.Қиматова өзі басқаратын бөлім оқытушыларымен тәжірибе алмасып, ақыл- кеңес беріп отырады. Бөлімдегі оқу-тәрбие, әдістемелік жұмыстар жүйелі ұйымдастырылып, алдыңғы қатардан көрініп жүр. Колледждегі мәдени-тәрбиелік жұмыстардың мазмұнды, қызғылықты өткізуге белсенді араласып келеді. К.Киматова жоғары санатты маман ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің аттестаттау комиссиясы құрамында 2000 жылы Ақтөбе қаласы музыка колледжі, 2003 ж Орал музыка колледжі, 2003,2014жж Ақтау өнер колледжінде, 2004ж Орал қаласындағы педагогикалық колледжде, 2013ж Атырау гуманитарлық колледжінде, 2012ж Атырау облысы бойынша кәсіби өнер ұжымдарын Мемлекеттік аттестаттауға қатысып, өзінің сауатты, тәжірибелі, білікті ұстаз екенін көрсете білді. Еңбек еткен жылдары колледж әкімшілігінің, облыстық білім Басқармасының Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды. Ұзақ жылдардағы жұмыс нәтижесі жоғары бағаланып, 2005 ж ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері атағына ие болды, 2013ж ҚР Білім және ғылыми министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Хор дирижері бөлімінің өркендеуіне үлкен үлес қосып келе жатқан әнші-ұстаздар мәдениет ісінің үздігі М.М.Ижанова, А.Ж.Есқалиева, О.В.Мироновалар және Г.Б.Ғабдиева өздерінің білімдері мен бай тәжірибелерін білікті мамандар даярлау ісіне аянбай жұмсауда.
Өмір-дерек
Мунира Ижанова 1942 жылы Семей облысында туған. М.Төлебаев атындағы музыка училищесін Ән салу мамандығы бойынша бітірген. Училищені үздік бітіріп 1964-1968 жылдар аралығында Мемлекеттік қыздар педагогика институтының Музыка факультетінде Г.В.Меркина, Б.Байқадамов, Ө.Байділдаев сияқты тамаша ұстаздардан дәріс алды. Институтты бітірген соң, Жамбыл атындағы филармонияда әнші болып жұмыс жасады. 1969 жылы композитор, дирижер, домбырашы Халық қаhарманы Н.А.Тілендиевтің шақыруымен Қыз Жібек фильмінде Жібектің партиясын орындап, тарихқа енді. Кеңестер Одағы құрамына қараған барлық республикалардың көптеген қалаларында және Венгрия, ГДР, Югославия елдерінде өнер көрсетті.
1975 жылдан бастап Атырау музыка колледжінің ән-хор бөлімінде ұстаздық қызметте. Классикалық ән айтудың шебері Мунира Матайбайқызының алдынан дәріс алған С.Сидорук (сопрано), Саратов консерваториясының вокал класын бітіріп, бүгінгі күнде Москвада Кіші опера театрында әнші. Д.Дүтмағамбетова (сопрано) Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория, аспирантурасын бітіріп, қазір Абай атындағы опера және балет театрында әнші. И.Глушков (тенор) – Милан консерваториясын бітіріп Милан опера театрында әнші болып қызмет атқарады.
Мунира Матайбайқызы әнші ұстаз ретінде қала, облыс көлемінде өткізілетін Жас әншілер конкурстарына қазылық етуге жиі шақырылады. Оқытушылық жұмыспен қатар сахна шығармашылығын да сырт қалдырмады. Ол ұзақ жылдар Жайық қызы ансамблінің әншісі болып, облыс, республика көлемінде, шет елдерде гастрольдік сапарларда болды. Репертуарында Батыс Европа, орыс және қазақ классиктерінің шығармалары және көптеген халықтардың әндері бар. Өзінің әншілік шеберлігін шыңдауда өне бойы жұмыс жасап, репертуарын жыл сайын жаңа шығармалармен толықтырып отырады. Колледждің фортепиано бөлімінде өткізілетін концертмейстерлік класс пәнінен 1975 жылдан күні бүгінге дейін мемлекеттік емтихандарда күрделі бағдарламаларды жеке орындап келеді. Бірнеше рет өзінің жеке концерттерін өткізді.
М.М.Ижанова колледж әкімшілігінен, мәдениет басқармасының Алғыс хаттары мен грамоталарымен марапатталған. Есімі колледждің Құрмет кітабына және Атырау облысы мұғалімдер энциклопедиясына енгізілді
Өмір-дерек
Голубева Людмила Олеговна 1977 жылы Гурьев музыка училищесін хор дирижері мамандығы бойынша Т.В.Галаганның класынан үздік бітіріп, училищенің өзі оқыған бөлімінде оқытушылық жұмысқа қабылданылды. Еңбектен қол үзбей жүріп 1986 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын хор дирижері мамандығы бойынша бітірді. Өз жұмысына өте ұқыпты қарайтын, білімді, тәжірибелі, жауапкершілігі мол, Атырау өңірінде хор өнерінің өркендеуіне және кәсіби мамандар тәрбиелеу ісінде өзін жан-жағынан таныта білген ұстаз.
Голубева Людмила Олеговнаның класынан 40-қа жуық мамандар тәрбиеленді, олардың көпшілігі жоғары білім алып, өз мамандықтары бойынша шет елдерде, облыс көлеміндегі балалар музыка мектептерінде, мәдениет салаларында халыққа еңбек етсе, көптеген шәкірттері Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында білімдерін жалғастыруда.
Әр оқу жылында Л.О.Голубева өткізген ашық сабақтардың әдістемелік құндылығы мен, танымдылығы оқушылардың білімге деген ынта-жігерлерін арттыруға ықпал жасайды. Дайындаған әдістемелік баяндамалары бүгінгі білім беру жүйесінде кәсіби мамандар тәрбиесіне қойылатын талаптарға сай мазмұнды, танымды жұмыстар деп бағаланды, бөлім отырысында және педагогикалық оқуларда тыңдалды.
Л.О.Голубева хор класы, мамандық, ансамбль, сольфеджио пәндерінен оқу жұмыс бағдарламаларын жасақтады. Бұл бағдарламалар бөлімнің оқу процесінде толығымен қолданылады. Сонымен қатар, хор класы, мамандық пәндерінің бағдарламасын Қ.Дүтбаева атындағы педагогика колледжінің Музыка білімі бөлімі де өз бағдарламаларының негізінде пайдалануда.
Л.О.Голубева 1992 жылдан колледждің оқушылар хорының жетекшісі, көптеген конкурстарда қазылар мүшесі ретінде жұмыстар атқарды: 1992 жылы Х.Досмухамедов атындағы педагогика институты Музыка факультетінің мемлекеттік емтихан төрайымы, 1992, 1994 жылдары Ақтөбе қаласында өткен хор ұжымдарының аймақтық конкурсы, 1994, 1998, 2004, 2006, 2009-2010 оқу жылында облыстық БММ-нің хор конкурстарында әділ қазылар мүшесі. Ақтөбе қаласында өткізілетін Жұбанов көктемі-2009 халықаралық хор фестивалінде, колледж тарихында хор жүлделі І – ші орынға ие болды, бұл оқытушының еңбегіне өте жоғары баға береді.
Әр оқу жылының соңында Н.Жантөрин атындағы облыстық филормония залында хор үлкен концерттік бағдарламамен өз тыңдаушыларын жинап, өнердің осы жанрын уағыздауда көп еңбек етіп келеді.
Атырау музыка колледжінің 2002-2003, 2007-2008 оқу жылдарының қорытындысы бойынша Жыл мұғалімі атағына ие болды. Л.О.Голубева колледж ұжымы арасында беделді, сыйлы ұстаз.