29 мамыр күні колледжде кезекті Индустриялық Кеңес пен Облыстық балалар музыка мектептері директорлары кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті.

Мәжілістің негізгі мақсаты — колледжде іске асырылатын білім беру бағдарламаларының өзектілігі мен сапасын арттыру, олардың еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытында ұсыныстар әзірлеу болды. Сонымен қатар, кадрлар даярлау сапасын жетілдіру және жұмыс берушілермен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылды.

?Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

  1. Индустриялық кеңес мүшелерінің құрамымен таныстыру;
  2. 2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданатын мамандықтар тізімін нақтылау;
  3. Мемлекеттік тапсырыс негізінде студенттер қабылданатын мамандықтардың оқу жұмыс жоспарлары мен білім беру бағдарламаларының мазмұнын қарау және талқылау;
  4. 2025–2026 оқу жылында колледж түлектерін жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мәселелерін қарастыру;
  5. Әлеуметтік серіктес мекемелермен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау және өзара байланысты дамыту.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *