Фортепиано-оркестр пән бірлестігі

Атырау өңірінде фортепиано өнерінің негізін салушылар ретінде тамаша пианист әрі педагогтар О.А.Ковалева мен О.А.Герлахтың есімдері алдымен аталады. О.А.Герлах Москва қаласындағы Гнесиндер атындағы музыка училищесін Е.Ф.Гнесинаның класынан бітірген. 1958 жылы музыка училищесі ашылған күннен бастап, 10 жыл бойы О.А.Герлах фортепиано бөлімінде оқытушылық жұмыспен қатар бөлім меңгерушісі міндетін қоса атқарды.
Осы мезгілде оның класынан дәріс алған оқушылар А.Лопан, бұрын Алматы қаласында К. Байсейітова атындағы мамандандырылған музыка мектебінің оқытушысы қызметінде болса, бүгінгі күні Москва қаласында сабақ береді; Т.Лебедева Орынбор музыка училищесінің жетекшісі оқытушысы; апалы-сіңлілі Кадисовалар, Гурьев музыка училищесін бітірген соң, Москва қаласындағы Гнесиндер атындағы музыка училищесінде оқуларын жалғастырған, О.В.Стрелецкая ұзақ жылдар бойы КСРО халық әртісі Е.Серкебаевтың класында концертмейстер болып еңбек етті.
1964 жылдан бастап фортепиано бөлімінде Ленинград консерваториясын профессор В.Перельманның класынан бітірген Л.Линберг жұмыс жасады. Ол білікті маман ретінде училищесінің әдістемелік қызметінің дамуына үлес қосты.
Әр жылдары бөлім меңгерушісі қызметін В.И.Поспешиль, В.А.Подзвездова, О.З.Емуранова, И.Т.Блялиева, Е.В.Белоножкина, А.В.Асанова атқарып, бөлім жұмысының нығайуына өз үлестерін қосты. ҚР Білім беру ісінің үздігі фортепиано бөлімінің оқытушысы О.З.Емуранова 1988 жылдан бастап музыка колледжінің директоры қызметін атқарды.
Бүгінгі таңда фортепиано бөлімінде музыка колледжінде үздік оқып, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясынан жоғары білім алған түлектер, 20 жылға жуық жұмыс жасап келе жатқан тәжірибелі мамандар: О.В.Поплевина бөлім меңгерушісі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Г.С.Бөлекбаева, А.Т.Шынбаева, Ә.А.Тұрағалиевалар еңбек етеді.
Бөлім оқытушылары өз білімдерін ұзақ жылдар бойы білім беру саласында жинақталған тәжірибемен ұштастырып келеді. Оқытушылар Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық музыка Академиясы және Мемлекеттік консерватория жанынан білім жетілдіру курстарынан өтіп тәжірибе алмастырып отыруды басты назарда ұстайды.
Оқытушылар музыка әлемінің кереметтей әсерін, оның адамға ықпал ету күшін, барлық құпия сырларын оқушыларға терең ұғындыру үшін оқушыларды болашақ ұстаздық қызметке даярлау мақсатында жан-жақты ізденіп, тың тәсілдер ойластырып отырады.
Бөлім оқытушыларының нәтижелі еңбектерінің арқасында облыстық, республикалық конкурстарға қатысып, өнер көрсетіп жүрген оқушылар: Е. Войтова, Г. Ермағамбетова, Г. Қосмағамбетова, К. Шакиева, Б. Ордабаева, Е. Ротнова , А.Пернебекова, О.Давыдова, А.Ерімбетова, соңғы жылдары Т.Ким, Л.Кенжегарина, Д.Алпамыс, Н.Нудиева есімдері бөлімде құрметпен аталады. Көптеген колледж түлектері бүгінгі күні өз білімдерін жоғары оқу орындарында жалғастыруда.
Осы жылдар аралығында фортепиано бөлімін 400-ден аса мамандар бітіріп, Республикамыздың әр түкпірінде, ТМД елдері мен шет елдерде табысты еңбек етуде. В.Ургарчева, Е.Вагнер, Л.Просвирнина, Г.Стратиенко, Н.Бойко, Л.Захарова Ресейде, Г.Ишханова Швейцарияда, Н.Ратницкая Москва қаласында, Н.Черентаева Астрахань қаласында, Г.Жақсиева Атырау университетінің Музыка және ән кафедрасының меңгерушісі, Г.Садуахасова- колледжіміздің директоры, А.Нигметова колледж оқу бөлімінің меңгерушісі, О.Краснова- Атырауда оқытушы, Т.Колесник Киев қаласында, Г.Бекмағамбетова Сургут қаласында, Н.Ульченкова- Ақтау қаласында, С.Мартыненко, Л.Авдеева т.б. Облыс көлеміндегі БММ-де еңбек етіп жүрген ұстаздар: Э.Г.Аблаева, Г.Чурсина, Л.Гусева, Т.Чужова, апалы-сіңлілі Т.Лозинская және Н.Лозинскаялар, Н.Ендовицкая, А.Соболева, С.Трушкина, Л.Завьялова, Л.Бабинец, Н.Кривошеина, Е.Розова, Р.Кұлжабекова, Т.Колесник, А.Малекова, М.Бүркітова, Р.Карменова, Н.Альсмахова, Б.Оразғалиева, Р.Сүгірова, Е.Войтова, т.б. есімдерін бөлім орынды мақтан етеді.
Кәсіби музыка маманының жан-жақты дамуына ықпал ететін пәндердің бірі Жалпы фортепиано. Мамандықты және басқа да музыкалық пәндерді жеңіл меңгеруге негіз болатын, фортепиано аспабында ойнауға дағдыландыру, дауысты және басқа да түрлі аспаптарды сүйемелдеуде, сондай-ақ ансамбльдерде дыбыс үндестіктерін дамытатын пән ретінде алатын салмағы зор. Осы міндеттердің жүгін музыка колледжінде Жалпы фортепиано пән бірлестігі оқытушылары атқарып отыр. Пән бірлестігінде бұрынғы жылдары О.Топчевская, С.Бекмурзиева т.б. еңбек етті, бүгінде әр жылдардағы колледж түлектері жоғары білімді ұстаздар: А.Глебова, Ж.Овсепьян, А.Нигметова, Г.Әжікенова, В.Шмелева, Ж.Сабырғалиева, Б.Нұрқасымова, Қ.Шакиевалар шығармашылықпен еңбек етуде. Жалпы фортепиано пән бірлестігінде оқытушылардың класс концерттері, оқушылар арасында жалпы фортепиано пәні бойынша конкурстар, есеп концерттері шығармашылықпен өткізіліп пән беделінің артуымен оқушылардың кәсіби шеберлігінің артуына оң ықпалын тигізіп келеді.
Фортепиано бөлімін бітірген алдыңғы қатарлы түлектердің концертмейстерлік /сүйемелдеушілік/ мамандықты таңдағандарының өзі көптеп саналады. Басқа өңірлерді айтпағанның өзінде осы Атырау музыка колледжінде концертмейстер болып жұмыс жасаған- Б.Коновалов, Л.Вагнер, Г.Портнова, Ж.Козырь, Л.Просвирнина, Е.Белоножкина, В.Подзвездова, К.Богосьян, Н.Гладкова, И.Пономарева, В.Ургарчева, Г.Ишханова, Г.Булекбаева, О.Поплевина, А.Шинбаева, А.Турагалиева, Е.Каргина, Г.Садуахасова, Е.Сулиева, О.Варочкина, Г.Бекмаганбетова, О.Ференс, Л.Катаржиева, В.Шмелева, Ж.Овсепьян, Г.Ажикенова, Г.Колесник, О.Башкова, Н.Исенбаева, О.Попивчак, Т.Соколова-Зевакина, Е.Першина т.б. музыка мамандарын даярлауға қосқан зор еңбегін құрметпен атайды. Олардың еңбекте және шығармашылық табысқа жетуіне негіз болып, біліммен қаруландырған Атырау музыка колледжі фортепиано бөлімі ұстаздарының еңбегі.

Өмір дерек

Ольга Поплевина 1965 жылы Гурьев қаласында дүниеге келген.1984 жылы Гурьев музыка училищесін үздік бітіргеннен соң сүйемелдеуші және оқытушы болып қалдырылды.
Кәсіби деңгейі жоғары, тәжірибесі мол ұстаз. Оның класынан бітірген колледж түлектері Г.Ермағамбетова, А.Малекова, А.Ерімбетова Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда білім алса, Т.Ким Астрахань мемлекеттік консерваториясында білімін жалғастыруда. Республикалық, аймақтық пианистер сайыстарында оқушылары Сұлтанғалиева, Литвин дипломант атанса, Ю.Иванова, Г.Бекмаганбетова облыстық конкурстарда жүлделі орындарды иеленді. Оқушысы Д.Тоқмұрзиева республикалық Звезды надежд фестивалінің дипломанты, аймақтық Классика-2005 фестивалінің 2-орын, Республикалық Жас орындаушылар сайысында 1-орынды иеленді. Оқушысы М.Солари Италия мемелкетінде өткен халықаралық сайыста 1 орынға ие болды.
О.Поплевина класс концерттерін ұйымдастыруда, колледжішілік шараларға концертмейстерлік және ансамбльде орындаушылық биік өнерімен көрініп жүр. Колледж және бөлімнің әдістемелік жұмыстарына үнемі белсене араласып, Педагогикалық оқуларға және ғылыми- тәжірибелік конференцияларда тың тақырыптарда баяндамалар оқыды. Колледж әдіскері, оқытушы А.Нигметовамен бірігіп Кішкентай пианистің алғашқы қадамдары атты БММ-нің 1-2 класс оқушыларына арналған мемлекеттік тілдегі оқу құралын жасақтауда. Фортепиано бөлімі оқушылары үшін жұмыс оқу бағдарламаларын жасақтауға қатысты.
Еңбектегі жоғары нәтижелері үшін колледж әкімшілігі тарапынан Мақтау қағаздармен және Алғыс хаттармен бірнеше рет марапатталды. Облыстық білім департаментінің Мақтау қағаздарымен, ҚР Білім және ғылым министрлігі Құрмет грамоталарымен марапатталған.