Баян ПБ

Баян мамандығының Атырау өңірінде дамуы алғашқы ұстаздары А.Я.Бахирев, А.Т.Ивакин, И.В.Хованский, Пушкаревалардың есімдерімен байланысты. 1962 жылыучилищенің алғашқы түлектері Қ.Игжанов, В.П.Шишманов, Ю.Ф.Бастанжиев, В.Қарымсақов, В.Д. Семиончев, ал 1963 жылы Қисымов Муса т.б. болды. 1966-1967 жылдары училищені үздік бітірген түлектері В.Тюрин, О.Тюрин, С.Әжікенов ұстаздық жұмысқа қалдырылып, баян класы үлкен бөлімге айналды.
Баян бөлімін көп жылдар басқарған А.Ивакин және И.Хованский Атырау өңірінде баян мамандығынан шәкірттер даярлауда көп еңбек сіңірді. Астраханның музыка училищесінің үздік бітірген В.И.Кайбалдиев осы бөлімнің нығаюына үлес қосып көп жылдар орыс және қазақ ұлт аспаптар оркестрін басқарып, училищенің, қаланың сахналарында концерттер берді. 1970-1990 жылдары баян бөлімінде А.Түсіпқалиев, В.Семиончев, В.Ли т.б. еңбек етті. А.Я.Бахирев
Баян мамандығының алғашқы ұстаздары А.Т.Ивакиннің класынан бітірген В.Тюрин, С.Әжікенов, И.Хованский класынан бітірген Э.Григорьян, А.Түсіпқалиев, О.Тюрин, Ж.Ізтілеуов, Е.Қамалиденов т.б. жоғары білім алып, ұстаздарының ісін жалғастыруда. Аталған мұғалімдердің ішінде Ж.Ізтілеуов 1985 жылы Республикалық училищеаралық конкурста жүлделі ІІ-орынды иеленді. Баян класында көп жылдар еңбек еткен ұстаздар А.Ивакин, И.Хованский, В.Тюрин, С.Әжікенов, А.Түсіпқалиев, кейінгі жылдар ұстаздық жұмыста жүрген Е.Камалиденов кластарынан бітірген түлектер облыстың балалар музыка мектептерінде, педагогика колледжінде, университеттің музыка кафедраларында, Дина және Нарын қазақ ұлт аспаптар оркестрлерінде, ансамбльдерде жемісті еңбек етуде. Ғ.Дүйсенғалиев, В.Гнедов, Г.Черняховская,
И.В.Хованский О.Райысов, Е. Ковалева, Ғ.Жақсыбеков, Ж.Бисембиев, Қ.Шадауов, А. Қатапова, А.Әбуғалиева және т.б. Ал, В.Чуреев пен О.Райысовтар Москвадан аспирантураны бітіріп, ғылыми жұмыстарын қорғап Педагогика ғылымдарының кандидаты атағын алды. О.Райысов пен С.Әжікенов Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Музыкалық тәрбие факультетінде ұстаздық етіп, доцент ғылыми атағын алды. О.Райысовтың Атырау әнім \2000ж\, От кешкен әндер \2005ж\, Атырау арман \2005ж\ атты әндер жинақтары, Доссор өнерлі өлке атты аудан өнері мен мәдениетінің қалыптасып, дамып- өркендеуі жөнінде жинағы \2011ж\, т.б. еңбектері жарық көрді.
Осы 55 жыл уақыт ішінде баян класын 200-дей түлек бітіріп шықты. Ал, Қ.Игжанов, Н.Маркелова, Е.Камалиденовтер республикалық Жас орындаушылар конкурстарына лауреаттар мен дипломанттар дайындаса, С.Әжікен, В. Гнедовтардың көптеген оқушылары облыстық конкурстардың жүлдегерлері атанды. Е.Камалиденовтың шәкірті Д.Күзембаева, С.Әжікеновтың шәкірті Г.Сұлтановалар Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын бітіріп, Атырау музыка колледжінде қызметте. Атырау музыка колледжінің жанынан құрылған балалар музыка мектебінде Е.Камалиденов, В.Гнедов, қазіргі кезде Г.Черняховская жемісті еңбек етуде. Олардың шәкірттері облыстық, республикалық байқаулардың лауреаттары. Оқытушылар Е.Камалиденов пен С.Әжікенов колледжде ұйымдастырылған балалар музыка мектептерінің оқытушыларына ашық сабақтар, тақырыптық баяндамалар оқып, мамандық пәндерінен жұмыс оқу бағдарламаларын жетілдіріп құрастырды. Баяншы-орындаушылардың музыкалық мәдениетінің артуы баян аспабын оқыту әдістемесінің жетілуіне де байланысты. С.Әжікеновтің Баянда оқытудың әдістемесі, Сырнай-баянда орындаушылық тарихы, Сүйемелдеу пәніне арналған Менің Қазақстаным, Ансамбль класы пәніне арнап Баяншылар ансамбльдеріне арналған шығармалар, О. Райысовпен бірігіп Сырнай үні атты қазақ музыкасынан баянға арналған жинақ, Атырау әнім атты Атырау композиторларының әндер жинақтарын баспадан шығарылды. Бұл оқу құралдарын колледжіміздің студенттері, облысымыздың балалар музыка мектептерінің оқытушылары оқу құралы ретінде пайдаланып келеді.
Бүгшінгі күнде баян пән бірлестігінің кәсіби деңгейдегі жетістіктері айтарлықтай. Шәкірттер облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанып жүр. Атап айтса, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ұйымдастыруымен өткен республикалық олимпиада лауреаттары: Қ.Дәрібаева \2011ж\, Б.Өмірғали \2013, 2014жж\, Ә.Дүйсенғалиева /2013,2014 жж/, М.Ернияз /2014 ж/. Ақтөбе қаласында өткен Созвездие талантов Республикалық фестивалінде Т.Биғалиева /2013 ж/, М.Ернияз /2014ж/, Оренбург қаласында өткен На Николаевской атты халықаралық фестиваль-конкурста Е.Көшеров /2013ж/.