4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Атырау қаласындағы Ту тұғыр алаңында салтанатты Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.

Маңызды мерекелік шараға колледжіміздің студенттері белсене қатысып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне деген құрметтерін көрсетті.

Іс-шара барысында жастар елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты сезініп, Тәуелсіз Қазақстанның басты нышандары — Ту, Елтаңба және Әнұранның маңызын терең түсінді. Мемлекеттік рәміздер — ел егемендігі мен бірлігінің, ұлттық құндылықтар мен рухани тұтастықтың айқын белгісі екені тағы бір мәрте насихатталды.??

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *