Жеке ән салу \вокал\

2003 жылдан бастап хор дирижері бөлімі құрамына жанадан ашылған Жеке ән салу мамандығы қосылып ән-хор бөлімі болып аталды. Вокал класына оқытушылық жұмысқа атақты әнші профессор Б.Төлегенованың шәкірті, Д.Нұрпейісова атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің әншісі М.Төреханова шақырылды.
Вокал класы жұмысының қалыптасып кетуіне Құрманғазы ұлттық консерваториясының профессоры Ғ.Есімов қолдау жасады. Ноталық әдебиеттермен көмектесіп, жыл сайын Шеберлік сабақтарын өткізіп, бағыт-бағдар беріп отырды. Алғаш рет музыка колледжінің қабырғасында академиялық ән салу класы басқа мамандықтармен қатар осылайша қадам бастады. Оқытушылардың жетіспеуіне байланысты ән-хор бөлім меңгерушісі К.Киматова және бөлім ұстаздары, жан-жақты қолдау жасап, әдістемелік көмек көрсетуде.
2007 жылы Қызылорда қаласында өткен ХХVIII Республикалық жас орындаушылар байқауына қатысқан ән салу мамандығының үш оқушысының екеуі дипломант атанды. Алғашқы екі бітірушінің біреуі Е.Мұханбеталиев Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияда профессор Ғ.Есімовтың класынан білім алып 2012-2013 оқу жылы колледжде ұстаздық қызметте болды. 2007-2008 оқу жылында осы мамандық бойынша негізгі жұмысқа жоғары білімді маман әншілер К.Жәмекова және Е.Мерекеновтер, 2013- 2014 оқу жылы жас маман А.Айғалиева ұстаздық жұмысқа келді.
10 жыл ішінде академиялық ән салу класы бойынша 9 түлек өмірге жолдама алып, бүгінде Н.Нұрмұханова, Б.Бисенбаева, А.Сапановтар кәсіби білімдерін жоғары оқу орындарында жалғастыруда.
Оқытушы Е.Мерекенов сахнада
Студент Б.Бисенбаева Оқытушысы К.
2010-2011 оқу жылының түлектері
Студент Н.Нұрмұханова оқытушысы – К.Ж.Жамекова Концертмейстер Е.Сулиева