Колледж тарихы

24 қыркүйек 1958 жылы үкімет №1664 жарлығымен бұрынғы Гурьев, қазіргі Атырау облысы орталығында музыка училищесі ашылды.
1991 жылы Атырау музыка училищесіне ұлы күйші Дина Нұрпейісова есімі берілді. 1998 жылы училище Дина Нұрпейісова атындағы колледж болып қайта құрылды.
2000 жылы 12 қазан күні облыс әкімінің № 1617 шешімімен Атырау музыка колледжі «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Мемлекеттік Мекеме болып аталды.
2013 жылдың 23 қаңтарындағы №21 қаулысымен «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ретінде қайта ұйымдастырылды.
Мекеменің басты міндеті – Қазақстан Республикасының және облыстың білім, мәдениет пен өнер саласына орта арнаулы білімді мамандар даярлау.
Мекеме екі сатылы білім беру бағдарламасын орындайды: балалар музыка мектебі, колледж.
2013 жылдың 3 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті берген сериясы № 13018799 Мемлекеттік лицензиясы негізінде білім беру қызметі жүзеге асырылады.
«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны төмендегі мамандықтар бойынша кәсіби мамандар даярлайды:
Бүгінде күндізгі оқу бөлімі бойынша білім алушылар контингенті мемлекеттік тапсырыс негізінде – 218 студентті құрайды.