Ұстаз – ұлағатты ұлы тұлға. Ұстаз бейнесі шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі.
?Осы орайда, “Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы “Атырау музыка колледжінде “Ұстазға мың тағзым” атты Өнер ордасының 65 жылдығы аясында ұстаздарға арналған мерекелік кеш өтті.https://www.facebook.com/share/r/1BdSCFD2dh/
?Шараға қазыналы қарттарымыз, ардагер-ұстаздар арнайы шақыртумен қатынасып, құрметті қонағымыз болды.
?Кешімізді колледж директоры, ө.ғ.к. Садуахасова Г.М. салтанатты құттықтаумен ашып, ұстаздарды ҚР Оқу -ағарту министрлігінің “Алғыс хатымен” және Түркі тілдес халықтардың “Saz perneli Saraishyq “ II Халықаралық музыкалық “Dombyra“ фестиваліне оқушы-студенттерді дайындағаны үшін Сертификаттарымен марапаттады.
Сондай -ақ , кәсіби мерекемен қатар келген 6-қазан “Есепшілер күні”, 10-қазан “Қазақстан кәсіподақтарының күні” мерекесіне орай, колледждің кәсіподақ төрайымы Хожакова Б.Н. ұжым мүшелерін атаулы мерекелермен құттықтай отырып, облыстық кәсіподақ ұйымының “Алғыс хатымен” марапаттады.
✅Кеш соңы әдемі ән мен күйге ұласып, ардагер-ұстаздарымыз құттықтау сөз сөйлеп, ризашылықтарын білдірді.https://www.facebook.com/share/r/1BdSCFD2dh/
#музакадемия???✊??????
