https://www.facebook.com/share/r/19GamyGJP1/ Сәлеметсіздер ме, мен Сагиндыкова Айнур Зулхарнаевна, «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің әдіскерімін. Ақтау қаласында Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі базасында 2-13 маусым аралығында “TALAP” коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары әдіскерлеріне арналған «Білім беру инновация жағдайындағы колледж әдіскерлерінің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өттім. Курс ұйымдастырушысы “TALAP” коммерциялық емес акционерлік қоғамына және осы курсқа жолдамамен жіберген оқу орным “Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы” Атырау музыка колледжі әкімшілігіне, директорым Садуахасова Гульнара Манаповнаға “Алғысымды” білдіремін. https://www.facebook.com/share/r/19GamyGJP1/