«Antikor оrtalyǵy» өз жұмысын бастады

«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі оқытушыларымен студенттері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық –үгіт насихат жұмыстарының өңірлік департаментте дайындалған бейнеролигімен танысты.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі мен өңірлік департаменттерінде «Antikor оrtalyǵy» өз жұмысын бастады.

«Antikor оrtalyǵy» жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау алаңы болып табылады.

Antikor оrtalyǵy-ның мақсаты азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау болса, міндеттері жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Antikor оrtalyǵy-ның функциялары:

— жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды қабылдау;

— уәкілетті органдар мен сотқа жүгінуде жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне консультация беру және жәрдем көрсету;

— жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен құқықтық нормаларды түсіндіру.

Орталықтың жұмыс уақыты: дс-жм, сағ. 09:00-ден 17:00-ге дейін.