«ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні «Қосымша білім беру ұйымдарының үздік ұстазы» облыстық байқаудың қалалық кезеңі өтті. Қосымша білім беру ұйымдары педагогтарының қызметіне қолдау көрсету, білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асырудағы ролін көрсету, кәсіби біліктілік деңгейлерін көтеру, шығармашылық шеберліктерін арттыру мақсатында өткен бұл кәсіби сайыстың қазылар алқасы құрамында «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің ардагер, әдіскер ұстазы, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі және «Еңбек ардагері» медалінің иегері, колледж әдіскері Қарашева Онайша Шотқарақызы және директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Педагогика, психология және әлеуметтік қолдау бейіні бойынша Іскерлік әкімшілік басқару докторы Нигметова Ардақ Сундетқалиевна қосымша білім беру ұйымдарынан қатысушы 6 сайыскерлердің шығармашылық жұмыстары мен кәсіби қабілеттерін зерделеп, сараптады. 2 кезеңнен тұрған сайыс қорытындысы бойынша қалалық білім бөлімінің әдіскері Акмурзиева Зульфат Избасқызы сайыскерлерді жүлделі орындарымен құттықтап, дипломдар табыстады. Облыстық деңгейде өтетін сайысқа жолдама берілді. Сайысқа қатысқан Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтай отыра, ұстаздық қызметтеріңізде шығармашылық табыстар тілейміз!