2026 жылғы сәуір айында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті базасында музыкалық — теориялық пәндер бойынша музыкалық училищелер/колледждер және МОММ-нің жоғары сынып оқушылары арасындағы X Халықаралық конкурс өтті.
Конкурс жас дарындардың білімін, шығармашылық ізденісін шыңдауға бағытталған беделді байқау.
Аталған конкурсқа Атырау музыка колледжі студенттері «Эссе» номинациясы бойынша қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
🏆 II орын иегерлері:
- Мақсот Алмаз – 3 курс МТ, жетекшісі Есенғалиева А.Ж.
- Ризаден Бибіфатима – 3 курс МТ, жетекшісі Есенғалиева А.Ж.
- Жолдас Әнуарбек – 3 курс Фп, жетекшісі Идаятова А.И.
- Каматов Арсен – 3 курс КНИ (домбыра), жетекшісі Идаятова А.И.
- Қабежан Аружан – 3 курс КНИ (домбыра), жетекшісі Насырова Г.З.
🥉 III орын иегерлері:
- Қасымғали Асылқан – 4 курс ХД, жетекшісі Есенғалиева А.Ж.
- Тұрғали Гүлназ – 3 курс КНИ (домбыра), жетекшісі Насырова Г.З.
- Қайратқызы Перизат – 4 курс Фп, жетекшісі Идаятова А.И.
- Махсот Райхан – 1 курс КНИ (домбыра), жетекшісі Идаятова А.И.
Жеңімпаз студенттеріміз бен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, шығармашылық табыстарыңыз мол болсын!💐👏🏻
