
Колледжімізде ерекше рухани кездесу өтті. Кездесуге «Дина» деректі драмасының авторы, ақын-драматург Маржан Ершу Аманқосқызы және Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының әртістері – Жұбатова Нұрлыгүл Өтемісқызы, Заев Жамбыл Махамбетұлы, Бектенов Мұсағали Жайғалиұлы, Бектембаева Жадыра Асқарқызы, Габдылгазизова Наргиз Эрикқызы, Кумаршиева Айым Қайыржанқызы, Шарипов Алмат Нұрланұлы, сондай-ақ өңірдің зиялы қауым өкілдері – Еслямгалиева Акнұрлы Нұрғалиқызы, Мукашева Дина Даниярқызы, Шуакбаева Гүлбар Тұрланқызы қатысты.
Кездесу барысында театр өнерінің қыр-сыры, «Дина» драмасының сахналану тарихы, кейіпкер тағдыры мен актерлік шеберлік туралы мазмұнды әңгіме өрбіді.
Тағылымы мол жүздесу жастарға ерекше әсер сыйлап, рухани дүниесін байыта түсті. Қонақтарымызға колледж ұжымы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз!
