«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі жанындағы балалар музыка мектебінде ерекше әрі тағылымды кездесу өтті.

Алматы қаласынан іссапармен келген Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Анатолий Мубаракзянович Гайсин колледжіміздің жанынан құрылған балалар музыка мектебінің дарынды шәкірті — Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, 4-сынып оқушысы Мұратов Әбілмансұрдың өнерін тыңдап, жоғары бағасын берді.

Шәкірттің ұстазы — Өмірғали Баубек Нұрланұлы.

Шеберлік сабағы барысында жас өнерпаздың орындаушылық шеберлігіне тәнті болып, өз тәжірибесімен бөлісіп, құнды кеңестерін ұсынды. Сонымен қатар, Әбілмансұрға жылы лебізін білдіріп, оның болашағынан зор үміт күтетінін атап өтті.

Осындай кездесулер жас музыканттардың қанатын қатайтып, өнерге деген ынтасын арттырары сөзсіз.

Әбілмансұрға шығармашылық табыс, биік белестер, шабыт пен қажымас қайрат тілейміз! Өнер жолында тек биіктен көрініп, ел мақтанышына айнала берсін!

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *