2025 жылдың 17 сәуірінде Дина Нұрпейісова атындағы Халықтық музыка академиясы Атырау музыка колледжінде ерекше мәдени шара өтті. Колледжімізге Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрінің жеке солисі, дәстүрлі әнші Қарабекова Айзат Жасқайратқызы арнайы келіп, шеберлік сағатын өткізді. Іс-шараны колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нигметова Ардақ Сундетқалиевна ашып, қадірлі қонаққа жүрекжарды алғысын білдірді. Шеберлік сағатында Айзат Жасқайратқызы студенттермен жылы сұхбат жүргізіп, өзінің өнер жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, домбыра және гитара аспаптарында орындаған әсем әндерімен көрермендерді тәнті етті.
Колледждің 4-курс студенттері Арқа және Жетісу ән мектебінің тамаша туындыларын орындап, өздерінің шеберліктерін көрсетті. Жоғары деңгейде ұйымдастырылылған, студенттерге үлкен рухани әсер сыйлаған шара соңында колледж тарихына арналған “Өнер ордасы” атты кітап табысталды.
Айзат Жасқайратқызымен өткен бұл шеберлік сағаты студенттер үшін өнерге деген сүйіспеншілікті арттырып, кәсіби шеберліктерін шыңдауға зор мүмкіндік берді.



