5-күндік әскери-оқу дала жиыны

https://www.facebook.com/share/r/1BmhX1PBKu Атырау облысы Білім беру басқармасының 6 мамыр 2025 ж.№85 бұйрығына сәйкес “Мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің 5 күндік далалық оқу-жаттығу жиынын өткізу” жоспарына сай, “Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы”Атырау музыка колледжінде Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша 1 курс студенттері қатысуымен оқу-далалық жаттығу жұмыстары қорытындыланды. 📌АӘжТБ оқытушысы Е.Сағындықов ұл бала студенттермен саптық дайындық деңгейін көрсетіп, патриоттық әндер шырқалып, оқу-дала жиынының жабылу салтанатты шарасын өткізді. Колледж медбикесі Г.Габдисалим қыз балалармен алғашқы санитарлық көмек көрсету жұмыстарын өткізіп, жедел жәрдем көрсету туралы ақпарат берді. 📌Жиын соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ардак Сундеткалиевна Нигметова қатысушыларға сәттілік тілеп, студенттердің патриоттық рухын көтеру тұрғысында жалынды сөздер айтып, өз алғысын білдірді.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *