🎶 Қазақтың күйі бір мезетте барлық білім беру ұйымдарында орындалады.

📆 Республикалық челлендж «Наурыз мейрамы» мерекесіне орай 20 наурызда сағат 12:00-де өтеді.

🇰🇿 Шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениетін, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалар арасында домбыра ойнауды насихаттау.

«Домбырашылар челленджі – балалар мен жастардың, педагогтар мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны насихаттау. Қатысуға барлық тілек білдірушілер шақырылады. Бұл челлендж алғаш рет өткен жылы өткізілді. Домбыраның дыбыстары бір мезетте барлық білім беру ұйымдарында естілді. Бұл республиканың мәдени өміріндегі ерекше оқиға. Шаралар тәрбие бағдарламасының бір бөлігі ретінде ұйымдастырылады», – деді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

📌Айта кетейік, Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде өтеді. Осы күндері тақырыптық челлендждер, жалпыұлттық экологиялық акция және ұлттық ойындар бойынша түрлі жарыстар ұйымдастырылады.