«Қазақстан балалары» он күндігін өткізуде. Әр күн баланың құқығын, қауіпсіздігін, білім мен тәрбие алуын, денсаулығын және дамуын арқау еткен тақырыптық бағыттарға арналды.

Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Қазақстан балалары» онкүндігін өткізуде. Әр күн баланың құқығын, қауіпсіздігін, білім мен тәрбие алуын, денсаулығын және дамуын арқау еткен тақырыптық бағыттарға арналды.https://www.facebook.com/share/r/1Af4meqmXo/

Бүгінгі күнді біз «Балалар үні» деп жариялап, әр баланың үніне, арман-мақсатына құлақ түрдік.

Баланы әрбір ата-ана, әрбір ұстаз, әрбір азамат естуі тиіс. Оған шынайы көңіл бөліп, жеке тұлға ретінде қабылдау – саналы ұрпақ тәрбиелеудің бастауы. Балаларымыздың арманы биік болса, болашақта еліміздің де еңсесі биік болары хақ.

Олардың әр тілегінде үміт, әр сөзінде сенім бар. Оны есту – біздің азаматтық әрі адами парызымыз.

https://www.facebook.com/share/r/1CeCkegxXs

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *