Урбисинова Гүлфара Үрпекқызының жетекшілігімен Еркінқала саз мектебіне үгіт-насихат жұмыстары жүргізді.

2025 жылдың 28 сәуірінде «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің домбыра пән бірлестігінің оқытушысы Урбисинова Гүлфара Үрпекқызының жетекшілігімен Еркінқала саз мектебіне үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. https://www.facebook.com/share/r/1AeMVphbv1/

📌Бұл шараның басты мақсаты – өнер саласындағы білім алушының кәсіби шеберлігін көрсетіп, мектеп оқушылары арасында музыкаға, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, болашақта мамандық таңдауына жол көрсету, оқу орнымыз туралы кеңірек мағлұмат беру. Шара аясында концерттік бағдарлама ұсынылды. Әр мамандық бойынша колледж студенттері өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Оқу орны туралы мәлімет беріліп, қабылдау шарттары мен мамандықтар жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу болды. https://www.facebook.com/share/r/1AeMVphbv1/

🔵Еркінқала саз мектебінің оқушылары мен ұстаздары шараға белсенді қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бұл кездесудің оқушылар үшін үлкен маңызы болды деген сенімдеміз!

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *