«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі жанындағы балалар музыка мектебінің жас мамандары , концертмейстерлер: Ж.Мажитова , А.Есениязова, А.Катков, Д. Иғламова , Ж. Амангелдиева , А.Насырованың «Көктем әуені» атты концертмейстрлік- есептік концерті өтті.
Концертте «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің оқытушылары халықаралық , республикалық конкурстардың лауреаттары Г.Э.Қуанышбаева, М.А.Мадениетов, А.Ғ.Ихсанова , Н.Н.Ғинашев және оқушылар өнер көрсетті.
«Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің директоры, өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Іскерлік-әкімшілік басқару докторы, Мәдениет саласының үздігі Садуахасова Гульнара Манаповна әдістемелік бағыттағы ұйымдастырылған шараға оң бағасын беріп, жас мамандардың еңбек жолына сәттілік тіледі.




