Камалиденов Ерболат Әнесұлының «Баянға арналған хрестоматия» кітабының тұсаукесер шарасы

https://www.facebook.com/share/r/169hysBbQZ

19.04.2025 жылы «Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония» залында «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің «Баян» пән бірлестігі төрағасы, “ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері”, “Ы.Алтынсарин” төсбелгілерінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Камалиденов Ерболат Әнесұлының «Баянға арналған хрестоматия» кітабының тұсаукесер шарасы өтті.

📌Шараны “Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы” Атырау музыка колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Іскерлік әкімшілік басқару Докторы Нигметова Ардақ Сундетқалиевна ашып, кітаптың жарық көруімен құттықтады.

🔵Қаламгердің қадамына құт, қаламына қуат тілеп келген ҚР еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық конкурстардың лауреаты, профессор Тұяқбаев Досмұхамед Халмұхаметұлы және ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, халықаралық конкурстардың лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Гайсин Анатолий Мубаракзянович салтанатты түрде кітаптың тұсауын кесіп, кітаптың мазмұнына тоқталып, хрестоматияда баян аспабына лайықталып түсірілген музыкалық оқу орындарына өте қажет шығармалар жинақталғаны, жинақта аспапқа ықшамдалып, арнайы лайықталған туындылардың кәсіби сахнада, конкурстарда, концерттерде өте жиі орындалып жүрген нұсқалары енгізілгені жөнінде айтып өтті.

🟢Сонымен қатар, Италиядан келген арнайы қонақ, халықаралық аккордеоншылар конфедерациясының президенті Мирко Патарини сөз алып, кітаптың маңыздылығына тоқталды.

📌Шара барысында жинаққа енген Ерболат Әнесұлының өңдеген Қуаныш Жұмағалидың «Нартай сарыны» атты шығармасын колледждің «Баян» пән бірлестігінің 4 курс студенті Амиргалиев Нұрдаулет нақышына келтіре орындады.

✅Колледж әкімшілігі мен ұжым атынан Ерболат Әнесұлын жарық көрген туындысымен құттықтаймыз!

Шабытыңыз тұсау көрмей, қаламыңыз мұқалмасын!

#музакадемия😊😘👏✊🎹🎼🎶🎵💕💞

#біртұтастәрбие

#баян

и ещё 5

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *