https://www.facebook.com/share/r/18rUVLgXts/ Қазақтың қара домбырасының үні — күй өнері, ұрпақтан — ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы. Қос ішектің күмбірімен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі — ел өнерін жаһанға танытқан асыл әуен. Қазақ тарихының өнер әлемінде тылсымнан тербеп күй төккен Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Есір, Тәттімбет, Махамбет, Дина, Сүгір, Қазанғап т. б. күй қырандарының дәстүрлі жолын ұстанған ұрпақтар, күй өнерінің дарабоздары, күйші, домбырашылар қаншама десеңші! 📌8 мамыр күні «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі жанындағы балалар музыка мектебінде домбыра – шертер пән бірлестігінің «Дәстүр ізімен » атты есептік концерті өтті. 📌Көпшілік құрметіне бөленген кішкентай өнерпаздарымызға жарқын болашақ, алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, асыл мұраны сақтап, өркендете берулеріңе тілектеспіз! https://www.facebook.com/share/r/18rUVLgXts/