Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы Атырау музыка колледжінде “Бір тұтас тәрбие” және “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Оқуға құштар өнер ордасы” тақырыбында 1 курс студенттеріне бейімділік сағаты болып өтті. https://www.facebook.com/share/r/155fFQyryG/
Кездесу барысында колледж тарапынан жасалатын жағдайлар мен берілетін мүмкіндіктер туралы айтылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дюсемалиева Светлана оқу ордасында ұйымдастырылатын түрлі қоғамдық-мәдени шараларға белсене араласуға және жақсы орта қалыптастырып сапалы білім алуға шақырды.
Колледж кітапханашысы Сәттіғұл Мұратбек кітапхананың ішкі тәртібімен ережесін, сонымен қатар кітап қорлары туралы толық ақпарат берді. Студенттерімізді кітап оқуға шақырып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. https://www.facebook.com/share/r/155fFQyryG/
#АтырауБілімжемқорлықпенкүрес2023#біртұтас_тәрбие#Атырау_тәрбие#Атырау_Музколледж_65жыл
Меньше