«Ұстазға – мың тағзым» атты салтанатты кеш өтті

«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінде 2023 жыл 4 қазан күні кәсіби мерекеміз «Ұстаздар күніне» арналған «Ұстазға – мың тағзым» атты салтанатты кеш өтті. Бұл шара аясында еліміздің атаулы мерекелері «Қарттар күні», «Еңбек күні» де аталып өтті.
Салтанатты жиынға колледжіміздің ардагер ұстаздары Мұхтарова Бағила Мұхтарқызы, Жүндібаева Рахат Тәжіғалиқызы, Ижанова Мүнира Матайбайқызы, Яковлева Валентина Викторовна шақырылып, құрметті қонағы болды.
Ел Ұранымен ашылған салтанатты кеште болашақ ұрпақтың саналарына ақыл ұялатып, армандарына жетелеуші Ұстаз деген Ұлы Ұғым ұлығыланды. Директордың міндетін уақытша атқарушы Ақназкен Байжанқызы оқу орнымыздың 65 жылдығының аталып өтуі қарсаңында колледж ұстаздарының орасан зор еңбектерін атап өтті. Оқытушыларды өткен оқу жылында білім алушы талантты жастарды өнерге баулуда жеткен жетістіктері және биылғы түлектерінің жоғары оқу орындарына түсуімен құттықтады. Осыған орай көптеген оқытушыларға колледж әкімшілігі атынан Алғыс жарияланды.
Колледждің кәсіподақ ұйымының төрағасы Киматова Клара Муфтахитденқызы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дюсемалиева Светлана Шынғалиқызының ұйымдастыруымен өткен кеш колледж жанындағы балалар музыка мектебі оқушыларының, колледждің студенттері мен жас оқытушыларының концертімен жалғасты
#біртұтас_тәрбие
#атырау_тәрбие