Музыканттың кәсіби білім алуы арнайы және жалпыкәсіби пәндерін оқытудан тұрады. Музыка теориясы, сольфеджио, гармония, музыка әдебиеті, музыкалық шығармаларды талдау, полифония сынды пәндер студенттердің сауатының негізін ашып, есту қабілетін және интонацияны, интеллектуалдық ой-өрісін арттырады. Сауатты және білімді студентті дамыту және қалыптастыру бөлім және пән бірлестік оқытушыларының негізгі міндеті.
Бөлім оқытушылары әрдайым шығармашылық ізденіс үстінде. Әдістемелік құралдарды құрастырумен қатар, студенттің өзіндік жұмыстары үшін түрлі тапсырмалармен жаңа талаптарды құрастырады; колледж студенттері арасында сольфеджио, гармония және музыка әдебиеті пәндері бойынша түрлі сайыстар өткізеді; барлық пәндерден электронды лекцияларды құрастырады.
Колледдің 60-жылдық тарихында теориялық пәндерді көптеген оқытушылар жүргізді: Услинская-Волош С.Л., Коновалов Б.М., Гайсина М.З., Мохначёв А.В., Кох В.Н., Белогрудов О.А., Бегак М.С., Ирзакова А.И., Цай Н.П., Крикливая С.Я., Михеева Л.В., Сайфутдинова Г.Р.
Колледждің және музыка теориясы пән бірлестігінің ұлағатты оқытушыларының бірі Топчевский Роальд Борисович – 50 жыл өмірін жас музыканттарды тәрбиелеуге арнады. Топчевский Р.Б. Атырау облысына танымал композитор, туған жерге арнаған көптеген әндер мен басқа да шығармалардың авторы: «Урал», «Полюбил рыбачку чернобровую», «А Каспий звал…», «Земля родная для моряка», «Вокализ», «Урал – река седая» және т.б. Оның көптеген шығармалары, «Просто так!», «Есть в России река…» (2014ж.) және «Здесь мой край родной» (2015ж.) жинақтарына енді.
Жемісті педагогикалық және шығармашылық еңбегі үшін Топчевский Р.Б. бірнеше рет мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды: төс белгілері «ҚР білім беру ісінің үздігі» (№17564 28.01.1997ж.), «Мәдениет қайраткері» (№1738 2008ж.), Атырау облысының Әкім премиясы (1999ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалі (15.12.2014ж.).
Бөлімде ұзақ жылдар бойы жемісті оқытушылық қызметтері үшін бірқатар мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері атанған Габбасова Т.М және Садуахасова Г.М. қызмет атқарады. Садуахасова Г.М. – Атырау музыка колледжінің директоры, өнертану ғылымдарының кандидаты, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері»; Габбасова Т.М. – пән бірлестігінің менгерушісі, «Ы.Алтынсарин» иегері, Атырау облысы Маслихатының, Білім беру басқармасының, Мәдениет басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Сонымен қатар, музыка теориясы пән бірлестігінде 10 жылдан аса қызмет атқарып келе жатырған оқытушылар – Имангалиева Г.М., Темирбаева Н.Ж., Туякалиева С.Б., Шукурова Н.Т. өздерінің кәсіби және педагогикалық шеберліктерін үнемі жетілдіріп, оқытудың жаңа әдістерін қолданып келеді, соның нәтижесінде облыс және колледж көлеміндегі алғыс және құрмет грамоталарын иеленді.
Соңғы жылдары колледжді «Музыка теориясы» бөлімі бойынша аяқтаған түлектер оқытушы ретінде қайта оралып, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерватория қабырғасында алған білімдерін тиімді пайдаланып келеді, олар: Ғинаятова С.А., Есенгалиева А.Ж. (2014-2015о.ж.), Насырова Г.З. (2016-2017о.ж.), Идаятова (2019-2020о.ж.).
Музыка маманының өз ісінің толық кәсіби шебері болуы үшін музыка- теориялық пәндерді жетік білуінің маңызы зор. Осы бағытта музыка-теориялық пәндер бірлестігі оқытушылары өз жұмыстарын аса үлкен жауапкершілікпен атқаруда. Колледж ашылған жылдарынан бері музыка- теориялық пәндерден С.Л.Услинская- Волош, Б.М.Коновалов, А.В. Мохначёв, В.Н.Кох, О.А. Белогрудов, М.С. Бегак, Н.Девицкая, Н.П.Цой, С.Я.Крикливая, Л.В.Михеева, Г.Р.Сайфутдинова сияқты оқытушылар әр жылдары жұмыс жасады. Жергілікті мамандар Р.Б.Топчевский, М.З.Гайсиналар күні бүгінге дейін осы пән бірлестігінде еңбек етіп келеді. 1980 жылдан кейін жұмысқа келген Т.М.Ғаббасова, училищенің түлегі Г.М.Садуахасовалар тұрақты жұмыс істеп, бірлестік жұмысына оң қадамдар жасалды. Н.Шүкірова, Г.Иманғалиева, Н.Темірбаева, С.Тұяқалиева секілді жоғары кәсіби білімді музыка – теориялық пәндер мамандары да жемісті еңбек етуде. Музыка теориясы, сольфеджио, гармония, музыка әдебиеті, музыкалық шығармаларды талдау секілді пәндер- оқушыларды музыка сауатының және композициялау негіздерін, есту қабілетін және интонацияның тазалығын қалыптастырып, дамытып, интеллектуалдық деңгейін кеңейтетін пәндер. Аталған пәндерге қызығушылық пен білім сапасының деңгейін арттыру үшін оқытушылар оқыту әдістерінің викториналар, сайыстар, жаңа технологиялық әдістер, олардың түрлі формаларын қолданып, үнемі шығармашылық ізденісте. Олар қазіргі таңдағы қоғам талабына сай әдістемелік құралдарды, оқу бағдарламаларын, жаңа талаптарды, шығармашылық тапсырмаларды құрастыру, сольфеджио, музыка әдебиеті пәндерінен үздік жұмыстар сайысын өткізіп, лекцияларды, музыкалық терминологияны мемлекеттік тілге аударумен үнемі шұғылданып келеді. Пән бірлестігі ұстаздары облыс БММ-і ұстаздары мен оқушылары үшін облыстық көлемдегі әдістемелік шараларды өткізуге ат салысып отырады. 40 жылдан астам колледжде еңбек еткен жергілікті композитор Р.Б.Топчевский- ұстаздықпен қатар шығармашылық жұмыстарымен көптеген жастарға үлгі болып жүрген байырғы ұстаз.
Музыка-теориялық пәндер бірлестігі ұстаздарының бастамасымен колледжде 2005 жылы «Музыка теориясы» мамандарын даярлайтын класс ашылып, бүгінде төрт студент дәріс алуда.