Қобыз ПБ

Қобыз пән бірлестігінің оқытушылары:
Қалекешева Әсел Маралқызы – Қобыз пән бірлестігінің төрайымы, қобыз-прима мамандығының оқытушысы «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты.
Қарашева Оңайша Шотқарақызы – қобыз-прима мамандығынан әдіскер-оқытушысы, «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің иегері.
Шопанова Ғалия Әжіғалиқызы – қобыз-прима мамандығының оқытушысы, ардагер-ұстаз.
Абулханова Назым Төлепбергенқызы – қобыз-прима мамандығының оқытушысы, республикалық конкурстардың лауреаты
Естаева Манар Байғабылқызы – қобыз-прима мамандығының оқытушысы, республикалық конкурстардың лауреаты
Куанышбаева Гүлмира Эльбрусқызы – қобыз-прима мамандығының оқытушысы, «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты.
Дингуатова Гүлшат Қалыбайқызы – бас қобыз мамандығының оқытушысы.
Қалиев Орынбек Аубекерұлы – бас қобыз мамандығының оқытушысы.
Өмірғали Гүлім Балдырғанқызы – қыл қобыз мамандығының оқытушысы.
ПБ өткізген мәдени-танымдық шаралары:
2016 жылы «ҚР Мәдениет қайраткері», қобызшы, Құрманғазы оркестрінің қобызшысы Ж.Ө.Ермағамбетованы еске алу мақсатында «Наз ғұмыр» атты Облыстық қобызшылар сайысы.
2018 жылы колледжіміздің негізін қалаушылардың бірі, ұлағатты ұстаз, ҚР білім беру ісінің үздігі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Құрметті профессоры», доцент Н.С.Сиражевтың 80 жылдығына орай 1-ші облыстық «Қобыз сазы» атты қобызшылар конкурсы.
2017 жылы оқытушы О.Ш.Қарашеваның «Қобыз аспабында оқыту әдістемесі» пәніне арналған жинақ жарық көрді.
2018 жылы Н.С.Сиражевтің «Қобыз бен фортепианоға арналған күйлер мен этюдтер», «Қобызшылар ансамбіліне арналған шығармалар» атты оқу құралы шығарылды.

Қобыз Пб оқытушылары мен студенттерінің жетістіктері:

2016 жылы XII Ұлттық Дельфийлік ойындары 3 орын - Жамиғатова Айбану. Оқытушы М.Б.Естаева, сүйемелдеуші О.У.Ференс.
2016 жылы Құрманғазы атындағы XI республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсында 3 орын - Ихсанова Айғаным. Оқытушы А.М.Калекешева, сүйемелдеуші А.Е.Сыздыкова.
2017 жылы I Республикалық «Көшпенділер әуені-2017» конкурсы:
Бас жүлде – Ихсанова Айғаным. Оқытушысы А.М.Калекешева, сүйемелдеуші А.Е.Сыздыкова.
3 орын – Ахметова Зере. Оқытушысы Г.Э.Қуанышбаева, сүйемелдеуші А.Е.Сыздыкова.
Арнайы сыйлық – Тайыпова Айдана. Оқытушысы Г.Қ.Жұматаева, сүйемелдеуші О.У.Ференс.
2018 жылы II Республикалық «Көшпенділер әуені-2018» конкурсы:
1 орын - Талғатова Нұрайсұлу. Оқытушы А.М.Калекешева, сүйемелдеуші О.У.Ференс. Дипломант - Ізбасарова Аягөз. Оқытушы М.Б.Естаева, сүйемелдеуші О.У.Ференс.
2018 жылы Республикалық XIII Ұлттық Дельфийлік ойындарында Дипломант - Ахметова Зере. Оқытушысы Г.Э.Қуанышбаева, сүйемелдеуші А.Е.Сыздыкова.
Музыкалық колледждер орындаушыларының 39-шы Республикалық конкурсы :
1 орын - Ихсанова Айғаным. ОқытушысыА.М.Калекешева,
2 орын - Тайыпова Айдана. Оқытушысы Г.Қ.Жұматаева,
3 орын - Арал Айдана. Оқытушысы Г.Қ.Жұматаева,
3 орын - Кенжебаева Мөлдір. Оқытушысы М.Б.Естаева,
3 орын - Хабиболлаева Айзада. Оқытушысы Н.Т.Абулханова,
Ішекті аспаптар арасында өткен Республикалық Кіші пәндік олимпиада
2 орын – Бақсиық Қолғанат, 3 орын – Аманқос Еркебұлан. Оқытушы Г.К.Дингуатова,
2019 жылы Музыкалық колледждер орындаушыларының 40-шы Республикалық конкурсында:
2 орын - Ізбасарова Аягөз. Оқытушысы М.Б.Естаева,
Дипломант - Ахметова Зере. Оқытушысы Г.Э.Қуанышбаева,
3 орын - Бақсиық Қолғанат Ішекті аспаптар номинациясы бойынша. Оқытушы Г.К.Дингуатова)
2019 жылы Республикалық Кіші Олимпиада
2 орын - Талғатова Нұрайсұлу. Оқытушы А.М.Калекешева
2 орын - Ахметова Зере. Оқытушысы Г.Э.Қуанышбаева,
3 орын - Ізбасарова Аягөз. Оқытушысы М.Б.Естаева,
Дипломант - Күзембаева Айзада. Оқытушысы А.Ғ.Жұпанова
2019ж. Облыстық XV Жастардың Дельфий ойындарында:
1 орын – Өтесін Дамира. Оқытушы А.М.Калекешева,
2 орын – Сұңғатова Айгүл. Оқытушы Г.Э.Қуанышбаева
2019 жылы ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкер, Р.Т.Нұрпейісова атындағы II-Республикалық қобызшылар байқауында:
«Арнайы жүлде» - Өтесін Дамира. Оқытушысы А.М.Калекешева Дипломант - Жақсылық Ақтолқын. Оқытушысы Г.Э.Қуанышбаева
Атырау музыка колледжі 1958 жылы ашылып, 1962 жылдан бастап арнаулы орта білімді жас маман музыканттарды даярлап шығара бастады. Содан бері 50 жыл ішінде аталмыш колледжді 248 қобызшы бітіріп, оның 188 і сым қобыз, 10-ы қыл-қобыз, 50-і бас қобыз аспаптары бойынша білім алды.
Сол 1962-63 жылдары колледжді алғашқы бітіргендер қатарында бес сым қобызшы, үш бас қобызшы болған еді. Солардың ішінде: Көпшіков Сағынғали көп жылдар бойы Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры оркестрінің дирижері болып жұмыс жасап, зейнеткерлікке шыққан. Әділов Муса Алматы консерваториясынан жоғары білім алғаннан кейін, музыкалық аспаптар жасау зертханасында ғылыми қызметкер болып жұмыс жасады, аспап жасау шеберлері (бұрынғы Кеңес Одағы бойынша) конкурсының жеңімпазы атанды. Жүндібаева Рахат Атырау музыка колледжінде ұстаздық жұмысын жалғастыруда. Әлмұханова Қарлығаш- ҚР оқу ісінің үздігі, Қарағанды музыка колледжінде жұмыс істейді.
Колледждің сым қобыз аспабының алғашқы ұстазы Нұрпейісова Раушан ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер, 1958-1969 жылдар аралығында еңбек етіп, 15 қобызшы маман даярлады. Олардың көпшілігі консерваторияға оқу түскен. Бүгін Р.Нұрпейісованың класынан бітірген қобызшылар арасынан П. Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, ҚР оқу ісінің үздігі, ҚР еңбегі сіңген әртіс Гүлсара Ізтілеуованың, Ақтөбе музыка колледжіндегі Нәсу Табынованың, Ақтау өнер колледжіндегі Қадиша Балапашованың, Қарағандыдағы ҚР білім беру ісінің үздігі Қарлығаш Әлмұханованың, Атыраудағы М.Қойшыбаев атындағы балалар музыка мектебінің ұстазы, ҚР Білім беру ісінің үздіктері Сұлухан Қожантаеваны, Райса Рахимова-Ғұмарованы, Құрманғазы атындағы облыстық балалар музыка мектебінің ұстазы Алтын, Сара Мұхтановаларды, Атырау музыка колледжінің ұстазы Ғалия Шопанованың есімдерін құрметпен атауға болады. Сонымен қатар, көп жыл Құрманғазы атындағы мемлекеттік Академиялық ұлт аспаптар оркестрінде қызмет жасап, зейнеткерлікке шыққан Рысты Жұмағалиева, марқұм Ө.Дәулетиярова сияқты шебер қобызшылар да осы Р.Нұрпейісова класынан бітірген мамандар болатын. Консерваторияда жұмыс істеген жылдарғы шәкірті Қазақстанның өнері мен мәдениетінің көрнекті майталман өкілдерінің бірі, дирижер Т.Абдрашев П.Чайковский атындағы музыка колледжінде тәрбиелеген шәкірті республикалық конкурстардың лауреаты, Дина оркестрінің дирижері Р.Құлсариевалар ұстаздарының есімін әрқашан мақтан етеді.

Өмір-дерек

Раушан Нұрпейісова 1931 жылы Ақмола қаласында дүниеге келді.
1946 жылы мектеп бітіріп, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының домбыра мамандығына түсіп, ұстаздар Ғ.Әлжанов пен Рүстем Омаровтардан 1950 жылға дейін дәріс алды Осы жылы қобыз мамандығына ауысып, белгілі скрипкашы профессор И.А.Лесманнан дәріс алып, оқуын одан әрі жалғастырады.
1954-56 жылдар аралығында консерваторияны қобыз мамандығы бойынша бітіріп, Құрманғазы атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрінде екінші қобызшылар тобының консермейстері болып еңбек етті. Осы оркестр құрамында Мәскеу қаласында өткен Қазақстанның мәдениеті мен өнері күндеріне қатысты.
1953 жылы осы оркестрмен бірге Бухарестте өткен Дүниежүзілік жастардың ІҮ фестивалінде 1-орын алып, лауреат атанады.
1956-57 жылдары жолдасы С.Хұсайынов екеуі жолдамамен Гурьев қаласына жіберіліп, Мұнайшылар мәдениет сарайы жанынан домбырашылардан құрылған шағын оркестр ұйымдастырды. Ол кезде Батыс Қазақстан аймақтарында қобыз аспабы әлі таныла қоймаған болатын.Осы аймақта жастарды қобыз аспабына үйретуді алғаш қолға алған Раушан Нұрпейісова еді.
1972-88 жылдар аралығында Алматыдағы П.И.Чайковский атындағы музыка училищесінде қазақ ұлт аспаптары бөлімін алғаш ашылуымен қалыптасуына атсалысты. Оның класынан дәріс алған 60-тан астам шәкірті республикамыздың барлық аймағында ұстаздық етіп, оркестрлер құрамында қызмет атқаруда.
Ел мәдениеті мен ағарту ісіне сіңірген елеулі еңбектері үшін Р.Т.Нұрпейісова 1971 жылы Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, 1980 жылы Одақ бойынша КСРО-ның орта жәнеарнаулы білім беру ісінің үздігі атақтарына ие болды. Еңбек ардагері медалімен және Құрмет грамоталармен марапатталды. 1988 жылдан Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер.
ҚР білім беру ісінің үздігі, доцент Нариман Сиражев 1960 жылдан колледжде жұмыс жасап келе жатыр. Содан бері 48 жыл бойына үзбестен осы ұжымда ұстаздықпен қатар көптеген жылдары директорлық қызметінде де ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары деңгейінен көріне білді. Оның класынан бітірген 47 қобызшының 24-і консерваторияға оқуға түсіп жоғары білім алды. Осы жылдары 9 лауреат дайындалған. Сол лауреаттардың ішінен Тәттімбет атындағы конкурстың жеңімпазы Сәния Төлепованы, Республика колледж оқушылары арасындағы конкурс жеңімпазы, кейін ҚР еңбегі сіңген әртіс атағын алған, Құрманғазы оркестрінің жетекші қобызшысы қызметін 15 жыл бойына абыроймен атқарған Роза Қойшиеваны, қазір осы қызметті лайықты жалғастырып келе жатқан республикалық Құрманғазы атындағы конкурс жеңімпазы Жанар Ермағанбетованың есімдерін құрметпен атаймыз. Бұлардан басқа осы күндері елімізде орта буын мамандар даярлау шеберханасына айналған беделді оқу орындарында еңбектеніп жүргендердің арасынан: П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің ұстазы ҚР оқу ісінің үздігі, қобызшы-дирижер Мұстахима Сейітжанованың, Алматыдағы Күләш Бәйсейітова атындағы 11 жылдық арнайы музыка мектебіндегі Нұрсұлу Елеуғалиеваның, осы колледжде еңбек еткен Салиха Мырзағалиеваның, Оңайша Қарашеваның, Назым Абулханованың, Гүлфайруз Ғұмарованың, Ақтаудағы Нұрша Құбалиеваның есімдері де құрметтеуге тұрарлық.
Бас қобызшы Рахат Жүндібаева осы колледжді алғашқы бітірушілердің бірі жоғары білім алған соң колледжге ұстаздық қызметке орналасты. Міне, содан бері осы колледжде 40-жылдай жұмыс жасады. Класынан 40- тың үстінде бас қобызшы бітірді. Олардың 4-і консерваторияны бітірсе, көпшілігі басқа жоғары оқу орындарын бітіріп кәсіби ұжымдарда еңбек етеді. Бітірген шәкірттерінің ішінен Д.Нұрпейісова атындағы академиялық ұлт аспаптар және Нарын фольклорлық оркестрлерінде жұмыс жасап жатқан А.Кенжебаева, М.Мұхамбеталиев, Г.Абилова, Ә.Жарылғаповтың есімдері құрметтеуге тұрарлық. Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясын бітірген Т. Азеркулова, Г.Жонаева Дина атындағы ұлт аспаптар оркестрінде әртіс болса, Ұ.Қадимова Алматы қаласында жұмыс істейді. Ал, М.Жеңсікбаева, Р.Исанбаев, Е.Серікбаев, И.Алтыбаев, А.Төреева, Г.Конарбаева сияқты шәкірттері аудандық музыка мектептерінде мұғалімдік қызметте. Рахат Тәжіғалиқызының тағы бір шәкірті Г.Дінғуатова- Алматы мемлекеттік консерваториясын бітіріп, колледжге жұмысқа келген жас ұстаздардың бірі.

Өмір- дерек

Рахат Жүндібаева 1940 жылы қазанның 24-де Атырау облысы, Доссор ауылында дүниеге келді. Орта мектепті бітірген соң 1959 жылы сол кезде Гурьев музыка училищесіне бас қобыз класына оқуға түседі. 1963 жылы училищені Мерген Баятақовтың класынан жақсы бітіріп, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясына оқуға түсіп, профессор Болат Сарыбаевтың класында оқиды. Оқып жүріп, еңбекке араласып, әйгілі Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптар оркестрінде жұмыс жасайды. 1967 жылы консерватория жанынан Батыр Абдыхалықовтың жетекшілігімен жастар ұлт аспаптар ансамблі құрылып, Рахат Тәжіғалиқызы осы ансамбльдің белді мүшесі болды. Сол жылы Кеңестер Одағының 50 жылдығына байланысты Болгария мемлекетінде Қазақ Республикасы өнерінің он күндігінде осы ансамбль құрамында өнер көрсетті. 1968 жылы консерваторияны жақсы аяқтап, жолдамамен Атырау музыка училищесіне жұмысқа келді. Сол жылдың 1-қыркүйегінен бастап, күні бүгінге дейін осы училищеде ұстаздық етеді. Рахат Тәжіғалиқызының қарымды еңбегі әр жылдарда дәріс алып, өнерге қанат қаққан шәкірттер тізбегіне көз салсақ айқын көрініп тұрады. Р. Жүндібаева осы еңбек еткен ұзақ жылдар ішінде тек қана облысымыздың бас қобыз класының іргетасын қалаушы ғана емес, сонымен бірге тәжірибелі әдіскер, ұлағатты ұстаз. Оның іс-тәжірибесі колледж әдістемелік кеңесінде қаралып, насихаттау мақсатында облысымыздың балалар мектептеріне таратылды. Көптеген әдістемелік-танымдық баяндамалары ПБ-де тыңдалып жүр.Өз мамандығы бойынша өтетін пәндерге оқу бағдарламасын жетілдіруге атсалысып келеді.
Рахат Тәжіғалиқызының колледжде 40 жылдың үстінде қызмет жасап жатқан ұстаздық еңбегі әр жылдарда колледж әкімшілігі және облыстық әкімшілік тарапынан бағаланып, Қаз.ССР орта жәнежоғарғы білім Министрлігі Құрмет грамотасымен, Социалистік жарыстың жеңімпазы белгісімен, облыстық мәдениет басқармасы Атыраудың мәдениетін және өнерін көтергені үшін Мақтау грамоталарымен марапатталды. Суреті Құрмет тақтасына ілінді.
1987-1999 жылдар аралығында қобызшылар пән бірлестігінде Алматы мемлекеттік консерваториясының түлегі, профессор Ф.Балғаеваның шәкірті аға оқытушы Меңдіхан Ғаббасов жұмыс жасады. Ол бұған дейін ұзақ жылдар Шымкент музыка училищесінде оқытушы, халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. М.Ғаббасовтың мамандық пәніне, Аспапта ойнауды үйрету әдістемесі пәніне жасақтаған көмекші құралы, қобызшылар ансамбліне лайықтаған көптеген шығармалары күні бүгін оқу үрдісінде қолданылады. Оқытушы М.Ғаббасовтан дәріс алған шәкірттері Г.Мәтешбаева, А.Елубаева, А.Ақтаубаева, Э.Құбашева, Г.Сақауова, Г.Бөтеева, А.Төремұратова сынды көптеген жас мамандар республиканың барлық өңірлерінде өнер, мәдениет, білім және ғылым салаларында жемісті еңбек етуде. Ол облыстық партия комитетінің, кәсіподақ ұйымының, білім және ғылым министрлігінің, колледж әкімшілігінің Алғыс хаттарымен, ΙХ бесжылдық екпіндісі белгілерімен марапатталған. 1999 жылдан құрметті демалыста.
Шәкіртсіз ұстаз- тұл дегендей, осы алғашқы ұстаздар Р.Нұрпейісова мен Н.Сиражевтың бұрынғы шәкірттері қазір Атырау колледжінің орта буын тәжірибелі ұстаздары Ғалия Шопанова, Салиха Мырзағалиева және Оңайша Қарашева есімдері де құрметке лайық.
Ғалия Шопанованың класынан 53 қобызшы бітірген. Олардың көпшілігі консерваториядан жоғары білім алды. Көптеген шәкірті конкурстардың жүлдегері атанған. М.Естаева- Республикалық Құрманғазы атындағы конкурстың лауреаты, қазіргі кезде осы колледждің ұстазы. Г.Демежанова, А.Ильясова Алматыда, Құрманғазы атындағы Академиялық ұлт аспаптар оркестрінде қобызшы. Ал Р.Құлмұханова деген шәкірті Алматы музыка колледжінде, М.Мұхамбетқалиева есімді шәкірті Орал өнер институтында ұстаздық қызмет атқаруда.

Өмір-дерек

Ғалия Шопанова 1950 жылы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 1965-69 жылдары Гурьев музыка училищесінде Раушан Нұрпейісованың класында қобыз мамандығында оқыды. 1969-74 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына түсіп, Меруерт Қаленбаеваның класына қабылданды. Консерваторияны бітіргеннен кейін өзі оқыған оқу орнында 34 жыл бойы ұстаздық қызметте. Оның класынан бітірген 53 оқушының 28-і Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын және жоғары оқу орындарын бітіріп, республиканың түкпір-түкпірінде өнер ордаларында, колледжде, БММ-де, Құрманғазы, Дина атындағы Академиялық ұлт аспаптар оркестрінде, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның Нарын фольклорлық оркестрінде еңбек етеді. А.Илиясова, Ж.Шапауова, Г.Демежанова Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінде, Ф.Биманова, С.Мыңбаева, А.Ержанова, Н.Исағалиева, Д.Нұрпейісова атындағы оркестрде, З.Ераманова Нарын фольклорлық оркестрінде, М.Естаева, Н.Темірбаева Д.Нұрпейісова атындағы колледжде, Р.Құлмұқанова Алматы қаласындағы П.Чайковский атындағы музыка колледжінде, М.Мұхамбетқалиева Дәулеткерей атындағы Орал университетінде, Н.Айтқазиева, М.Меңдіғазиева, Б.Бертілеуова, З.Таңбаева,С.Тобышева, И.Өтеулиева, Б.Қожантаева, Г.Ахметова, Ж.Жукешова, Қалиева, Ж.Тажкенова, Г. Абитова, Ж. Аулетова, Қ.Сұлтанова, А.Избасарова т.б түлектер аудандық, қалалық саз мектептерінде абыройлы еңбек етуде. Класынан оқып бітірген оқушылардың көбі колледжаралық, калалық, облыстық, республикалық сайыстардың жүлдегерлері. М.Естаева 1985 жылы Семей қаласында өткен республикалық жас орындаушылар сайысының жүлдегері, Г.Демежанова 1993 жылы Ақтөбе қаласында, 1995 жылы Алматы қаласында өткен республикалық сайыстың жүлдегері, Ж.Шапауова 1996 жылы Атырау қалалық сайыстың дипломанты, А.Ильясова -1997 жылы Атырау қаласы 1998 жылы Алматы қаласы Республикалық сайыс жүлдегері, 1999 жылы Шабыт фестивалінің дипломанты, Д.Ержанова 2004 жылы Ақтау қаласындағы сайыстың дипломанты аталса, Н.Исағалиева, А.Ержанова, Д.Ержанова, Ә.Избасарова колледжаралық, қалалық сайыстардың дипломанттары. Осы жылдар ішінде Етене қосымша аспап, Музыка мектебінің репертуарын талдау пәндеріне бағдарлама жасақтады. Көптеген қазақ әндерін қобызшылар ансамбліне лайықтап түсіріп, қобызшылар репертуарларын көбейтуге үлес қосып келеді.
Ұстаздың шәкірттер тәрбиелеудегі жемісті еңбегі бірнеше рет облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы, ҚР Білім беру министрлігінің Құрмет грамотасы, колледж әкімшілігінің Мақтау грамоталарымен, Алғыс хаттарымен аталып өтті. 2012 жылы Жыл оқытушысы атағына ие болды. Ғ.Әжіғалиқызы колледждің халық аспаптар бөлімінің өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан байырғы ұстаз.
Қылқобыз аспабының ұстазы Мырзағалиева Салиханың класынан 1981 жылдан бергі уақытта 10 қылқобызшы бітіріп, оның үшеуі консерваториядан жоғары білім алды. Бітірген он оқушының үшеуі әртүрлі сайыстардың лауреаты. Солардың ішінде Атырау облыстық Дина Нұрпейісова атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестріндегі жетекші қылқобызшы Г. Оспанованың, Республикалық Дина атындағы орындаушы қыз-келіншектер сайысының лауреаты Ж.Есенгелдінің, Нарын фольклорлық халық аспаптар оркестріндегі Р.Елеуованың және осы оркестр қобызшылар тобының концертмейстері, Атырау музыка колледжінің жас ұстазы, Халықаралық Шабыт фестивалінің бас жүлдегері және қөптеген республикалық сайыстардың лауреаты, сым қобызшы Г. Қуанышбаеваның есімдерін мақтанышпен атауға болады.

Өмір-дерек

Салиха Мырзағалиева 1955 жылы 20 тамызда Атырау қаласы Балықшы поселкесінде дүниеге келген. Орта мектепте оқи жүріп, Балықшы поселкесіндегі облыстың ең алғашқы балалар музыка мектептерінің бірі, бүгінгі М.Қойшыбаев атындағы балалар музыка мектебінде қобыз класында оқыды. Оны Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Сұлухан Қожантаева класынан ойдағыдай бітіріп, Гурьев музыка училищесіне оқуға түсті. Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі Н.Сиражевтың класынан 1975 жылы бітіріп шықты. Сол жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясына қылқобыз мамандығы бойынша оқуға қабылданып, профессор Б.Қосбасаровтың класынан 1980 жылы бітіріп шықты. Оқып жүрген кезінде профессор Б.Сарыбаевтың ұйымдастыруымен қазақтың көне ұлттық музыкалық аспаптарынан құралған ансамбльде ойнап, кейін Мемлекеттік Отырар сазы фольклорлық ұлт аспаптар оркестріне жұмысқа қалдырылып, қылқобызшылар тобының концертмейстері болып жұмыс жасады.
1981 жылы өзі оқыған қарашаңырақ- Атырау музыка колледжіне оқытушы болып ауысты.
Салиха Бисенғалиқызының келуіне байланысты училищеде қылқобыз мамандығы ашылды. Еңбек еткен жылдары ұзақ жылдар класс жетекшілік қызметін атқарып, өз класынан көптеген түлектерді тәрбиелеп шығарды. Көптеген шәкірттері Алматы Мемлекеттік консерваториясында жоғары білім алды, айтулы сайыстардың жүлдегерлері болды. Салиха Бисенғалиқызының шәкірттері бірнеше республикалық, халықаралық сайыстардың лауреаттары- Г.Қуанышбаева, Г.Оспанова, Есенделді Жанна, балалар музыка мектебінің оқушысы Ә.Байзуллиева, дипломанттар Г.Жұматаева, Э.Әжіғалиева ұстаздарының есімін құрметпен атайды. Оның алдынан тәрбиеленген шәкірттері кәсіби ұлт аспаптар оркестрлерінде, балалар музыка мектептерінде, мәдени ошақтарда абыройлы еңбек етуде.
Салиха Бисенғалиқызы қылқобыз мамандығымен қатар колледжде оқушыларды көне аспаптарда ойнауға үйретіп, фольклорлық ансамбль құрды. Аспаптарға арналған оқу бағдарламамаларын өзі жасақтап жетілдіруде көп еңбек сіңірді. Салиха Бисенғалиқызы өзінің туған қызы – бірнеше мәрте республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстанға танымал домбырашы Сәбира Бибатырованы тәрбиелеп, үлкен өмірге жолдама беруінің өзі үлкен аналық парызын орындағаны деп түсінеміз. Абыройлы адал еңбегінің арқасында колледж әкімшілігінің, білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Есімі колледждің Құрмет кітабына енгізілді.
Жалпы колледж шәкірттерін, оның ішінде қобызшыларды да Қазақстанның барлық облыстарынан кездестіруге болады. Атырау облысындағы балалар музыка мектептері мен өнер ошақтарында түгелге жақын осы колледж шәкірттері жұмыс жасайды. Соның ішінде БММ мұғалімдерінің еңбектері ерекше ескеруге тұрарлық. Себебі, жасөспірімдерді өнерге тәрбиелеудегі алғашқы қадам сол мұғалімдердің үлесінде. Ал, алғашқы қадамды дұрыс жасау оңай еместігі ақиқат.
Осындай ауыр да абыройлы жұмыста жылдар бойы жемісті еңбектерімен көпшіліктің құрметіне бөленіп жүрген, колледж түлектері ҚР білім беру ісінің үздігі атағының иегерлері С.Қожантаева, Р.Гумарова, С.Тобышбаева, А.Мұхтанова, А.Мусақаеваның осы колледж шәкірттері екенін ұстаздар мақтаныш етеді.
Қазіргі уақытта Алматы, Қарағанды, Ақтау, Орал қалаларының академиялық оркестрлерінің және ұлт аспаптық ансамбльдер құрамында колледж шәкірттерінің көптеп саналатынын айтсақ та жеткілікті. Сонымен бірге, 1957 жылы Гурьев қаласында көркемөнерпаздар оркестрінің құрылуы осы колледждің ашылуына себеп болса, қазіргі кәсіби Дина мен Нарын оркестрлерінің құрамы түгелдей дерлік осы колледжді бітірген музыканттардан тұрады. Ал, бұл оркестрлердің Республика шеңберінен шығып, халықаралық деңгейде танымал болуы, құрамындағы музыканттардың, яғни колледж шәкірттерінің кәсіби деңгейінің жоғары екендігін дәлелдейді. Олай болса, жалпы Атырау музыка колледжінің, оның ішінде қобызшылардың да еліміздің ұлттық музыка мәдениетін одан да әрі өркендетуге өзіндік үлес қосып отырғаны анық. Ондай оң нәтижелерге колледж ұстаздарының қажырлы еңбектерінің арқасында қол жетіп отыр.
Бүгінгі күнде қобыз пән бірлестігінде 8 оқытушы еңбек етеді Олар: прима және альт қобыздан Ғ.Шопанова, О.Қарашева ПБ төрайымы, Н.Абулханова, Құрманғазы атындағы республикалық конкурстың, республикалық Жас орындаушылар конкурсының лауреаты М.Естаева, Г.Қуанышбаева, мәдениет саласының үздігі Ә.Қалекешова, бас қобыздан Г.Дінғуатова, қылқобыздан Г.Жұматаевалар.