«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі
«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы»
Толығырақ
Жаңалықтар
«Antikor оrtalyǵy» өз жұмысын бастады
Толығырақ

Тарихымыздан

24 қыркүйек 1958 жылы үкімет №1664 жарлығымен бұрынғы Гурьев, қазіргі Атырау облысы орталығында музыка училищесі ашылды.
1991 жылы Атырау музыка училищесіне ұлы күйші Дина Нұрпейісова есімі берілді. 1998 жылы училище Дина Нұрпейісова атындағы колледж болып қайта құрылды. 2000 жылы 12 қазан күні облыс әкімінің № 1617 шешімімен Атырау музыка колледжі «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Мемлекеттік Мекеме болып аталды.

Колледж миссиясы – Еліміздің мәдени өмірінде көшбасшылыққа бағдарланған, халықаралық стандарттар деңгейінде жоғары сапалы кәсіби музыкалық білімге негізделген шығармашылық әлеуеті бар, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

Директордың блогы

Садуахасова Гульнара Манапқызы

Platonus

Сенім телефоны

Жұмыс кестесі: Дүйсенбі-Жұма

Уақыты: 09:00-18:00, сенбі 13.00

Тәрбие бөлімі: +7(7122) 20-34-88

Жатақхана: +7(7122) 20-34-88

Оқу бөлімі: +7 (7122) 21-42-26

Қабылдау бөлімі:

+7 (7122) 21-42-35

Бухгалтерия:

+7 (7122) 21-42-27

Вахтер:

+7 (7122) 24-42-73

Колл центр:

+7 (7122) 21-42-85

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Мемекеттік рәміздер күні

Қазақстан Республикасының Мемекеттік рәміздер күніне орай, «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінде бір мезгілде Мемлекетік Гимн орындау шарасы салтанатты түрде өткізілді.✅https://www.facebook.com/share/r/1EJ9oPr4jA/

Толығырақ »

«Азербайджан дауысы -2025» жеңімпазы Санат Асуат

https://www.facebook.com/share/r/1A4GNibEnH “Д.Нұрпейісова атындағы ХМА” Атырау музыка колледжі жанындағы БММ түлегі, республикамыздың мақтанышы Санат Асуат @sanat_asuat Әзербайжан мемлекетінің астанасы Баку қаласында өткен «Азербайджан дауысы -2025» сайысына

Толығырақ »

«Көктем әуені» атты концертмейстрлік- есептік концерті өтті.

«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі жанындағы балалар музыка мектебінің жас мамандары , концертмейстерлер: Ж.Мажитова , А.Есениязова, А.Катков, Д. Иғламова , Ж.

Толығырақ »

Галерея

         Садуахасова Гульнара Манапқызы 1970 жылдың 1 наурызында Атырау облысы, Исатай ауданы (бұрынғы Новобогат ауданы) Хамит Ерғалиев ауылында /бұрынғы  Новобогат селосында/ дүниеге келген.

         1985 жылы Гурьев қалалық балалар музыка мектебінің фортепиано класын үздік  бітіріп, сол жылы Гурьев музыка училищесіне оқуға түсіп, оны 1989 жылы ойдағыдай тәмәмдады.

        Алғашқы   еңбек жолын    музыка колледжі қабырғасында білім ала жүріп, оқу орнынан  алған білімін еңбекпен ұштастырып, 1985 жылы концертмейстер ретінде өзі дәріс алған  колледжден бастады. Сол жылдары оқу орнының абыройын қорғап, концертмейстер ретінде  облыстық, республикалық  сайыстарда қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

         1991-1997 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «Музыкатану» факультетінде оқып, білімі мен білігін арттырып,  «Музыка теориясы» пәндері оқытушысы мамандығын игерді. Жастайынан білім мен еңбектің тізгінін  қатар ұстаған Гульнара Манапқызы 1993 жылдан бастап,  Гурьев музыка училищесінде «Музыка теориясы» пәндері оқытушысы ретінде  еңбегін жалғастырды.

           Өзі білім алып, дәріс беріп жүрген кезеңде  «Музыка теориясы» мамандығы  бойынша оқу материалдарының тек орыс тілінде болуы оқытушылар мен студенттерге қиындықтар туғызды. Осыған орай, Туған елін, ана тілін шексіз сүйген қазақтың еліктей қызы мамандығы бойынша  алғаш рет мемлекеттік тілде оқу бағдарламалары мен оқулықтар дайындап, сабағын қазақ тілінде өткізіп, туған тілінің мәртебесін арттырып, қоғамға  маңызды үлес қосты

         2000-2003 жылдар аралығында Атырау музыка колледжінде қазақ музыка әдебиеті, фольклор кабинеттерін жаңа деңгейге көтеріп, жас музыканттардың сапалы білім алуына зор үлес қосты. 

         2002-2006 жылдары «Музыкатанушы» мамандығы бойынша «М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер» институтының аспирантурасында оқып,  үздік бітіріп шықты. «Музыкальная критика современного Казахстана: Перспективы  Проблемы» тақырыбында кандидаттық диссертация жұмысын қорғап, Батыс Қазақстан өңірінде тұңғыш «Өнертану ғылымдарының кандидаты» атанды.

2014-2017 жылдары Чехия мемлекеті Прага қаласындағы Орталық Богемия университетінде оқып, «Іскерлік әкімшілік басқару Докторы» ғылыми атағына ие болды.

Көптеген мақалалары мен баяндамалары республикалық, халықаралық ғылыми-конференцияларда тыңдалып, ақпарат құралдарында жарияланды.

Атырау музыка колледжінде еңбек еткен жылдары (2004-2005жж) «Музыка теориясы» пәндік циклының төрайымы қызметін атқарды.

            2005-2007 жылдары өзінің еңбекқорлығы мен жауапкершілігінің, білімі мен біліктілігінің нәтижесінде колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

           2007 жылы — «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің директоры болып тағайындалды.

         ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, оның ішінде білім беру саласына жүктеп отырған міндеттерін қолдай отырып, колледж ұжымының алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін айқындап, жаңаша көзқараспен жұмыс жасауға, ұжым мүшелерін жұмылдыруға күш салып, колледждің өсіп – өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп келеді.

           2009 жылдан бастап,  Атырау музыка колледжі жанындағы облыстық балалар музыка мектептерінің  директорлар Кеңесінің төрайымы қызметін   бүгінге дейін атқарып келеді. Сонымен қатар, 2010 жылдан бастап облыстық көшбасшы әйелдер клубының мүшесі ретінде қоғамда әйелдер құқығының сақталуын, әйелдер кәсібінің дамуын, зорлық – зомбылық мәселесінің азаюына ат салысып, өз үлесін қосып келеді.  

         2011жылы  қоғамдық жұмыстарының нәтижесі бойынша Ресей, Қазақстан, Украина, Белоруссия республикаларының «Лучшие люди» Халықаралық Үлкен энциклопедиясының «Даңқ галереясына» есімі жарияланып, «Лучшие люди» Энциклопедиясының «Құрметті белгісімен» марапатталды.

        2011- 2021  жылдар аралығында  2 мәрте  Атырау облыстық мәслихат депутаты болып сайланды.

         2013 жылы оқу-тәрбие, ғылыми-әдістемелік жұмыстарындағы жоғары нәтижесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

       2013 жылы өнерлі жастарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан жастарға, мүгедек адамдарға үнемі қолдау көрсеткені үшін «Жыл меценаты — 2013» белгісімен марапатталды.

       2013 — 2015 жылдары  «Қазақстанның қанатты әйелдері – 20 жыл» атты кітабына есімі еніп, өнегелі де игі істері жайында «Қазақстан әйелдері», «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты республикалық журналдарға мақала жарияланып, «Ай–керім»,«Кешкі шай» Астана қаласындағы «Хабар» республикалық телебағдарламаларына  арнайы  шақырылды.

Атырау облысы бойынша әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық жұмыстарға белсене араласа жүріп, 2014 жылы «Жастар Альянсымен» бірлесе отырып,  Атырау облысындағы колледж, жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін  қоғамдық көліктерге 50%  жеңілдік беруге облыс әкімдігіне ұсыныс жасап,  жүзеге асуына қол жеткізді.

      2015 жылы  «ҚР Мәслихатына 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

 ҚР Президентінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыстық, республикалық деңгейдегі «Құрмет грамоталарымен» және бірнеше «Алғыс хаттармен» марапатталды.

      2016 жылы  ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекелік медалімен марапатталды.

      2017 жылы  «Алаш ұстазы» төсбелгісімен, «Қазақстан-Атырау» телеарнасының ұйымдастыруымен өткен «Телеарна таңдауы» жобасында «Сенімді серіктес» номинациясымен марапатталды.

      2016-2019 жылдары Республикада қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатында Алматы, Астана, Жаңаөзен, Орал, Ақтау, Ақтөбе қалаларында, Атырау облысының барлық аудандарында және Ресей, Аустрия, Түркия, Италия, Германия, Шотландия, Англия мемлекеттерінде  «Шаттық  Отаны» атты концерттерін жоғары деңгейде ұйымдастырды.

      2017 жылы Н.Ә. Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында  қыз тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Қыз тәрбиесі – құндылық кілті» атты  республикалық  форум өткізді.

Г.М.Садуахасованың  есімі  «Қазақстанның қанатты әйелдеріне – 20 жыл» кітабына және республикалық «Қазақстан әйелдері», «Тәуелсіздіктің ақ таңы», «Депутат», «Үш қоңыр», «Жаңа музыкалық газет» журналдарына енгізілген. Республикалық, облыстық «Әйкерім», «Кешкі шай», «Хабар», «Назар», «Бізбен бірге», «Жайықтағы кездесулер» теле бағдарламаларына арнайы шақырылды.

      2016, 2017, 2018 жылдары  Ресей Федерациясы, Италия, Араб  Біріктірілген Әмірлігінің «Алғыс» хаттарымен,  Исатай ауданының 90 жылдығына орай төсбелгімен, Нұр Отан партиясы «Белсенді еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталып, «Исатай ауданы. Шежіре» энциклопедиясына есімі енді. Г.М.Садуахасова  2018 жылы еңбек жолын енді бастап жатырған  жас мамандарға арналған «Жас педагог» мектебін құрды. Осы жылы Елбасының «Бес әлеуметтік бастама» Жолдауы аясында Атырау музыка колледжінің студенттері мен жас мамандарын жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында колледж ғимаратының жанынан Гүльнар Манапқызының табандылығының арқасында 100 орындық заманауи жатақхана салынды.

        2019 жылы облыста атқарылып жатырған  әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік жұмыстарға белсене қатысқаны үшін «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» төсбелгісімен марапатталды. Осы жылы «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

          Г.М.СадуахасоваҚазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан   Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Атырау облысы әкімінің, Атырау қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталған: 2019, 2020 жылдары  ҚР Президенті Қ.Токаевтың «Алғыс хаттарымен»,  2021 жыл – ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік медалімен,  2021, 2022 жж – Атырау облысы әкімінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хатымен», 2022 жыл – «Аманат» партиясының «Алғыс хатымен» марапатталды.

2022-2023 жылдар аралығында Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы қызметін  абыроймен атқарды.

2023 жылдың 17 қазанынан бастап  «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің директоры болып тағайындалды.

Ел болашағы жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде Гульнара Манапқызының кәсіби іскерлігі, еңбекте табандылығы, әр іске деген жауапкершілігі, терең білімі мен біліктілігі, адами қасиеттері мен адамгершілігі, үлкен еңбек жолындағы ұстанымы, ұжымдастар арасындағы сыйластығы әрбір сөзінен, әрбір ісінен жоғары деңгейдегі көшбасшы екені көрініп тұрады.

Add Your Heading Text Here