ЖҮЛДЕГЕР ПЕДАГОГТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, “Talap” коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында мәдениет және өнер саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсында жүлделі орын алған жеңімпаз педагогтерімізді «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің директоры Гульнара Манапқызы жеке қабылдап, байқаудағы жоғары нәтижелерімен шын жүректен құттықтады.
📌Кездесу барысында директор ұстаздардың кәсіби ізденісі мен шығармашылық еңбегіне жоғары баға беріп, олардың қол жеткізген жетістіктері колледж мерейін асырып, білім беру ұйымының абыройын асқақтата түсетінін атап өтті. Сонымен қатар, педагогтерге алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби биіктерді бағындыру және шәкірттерінің жетістігіне қуана берулеріне тілектестік білдірді.
📌Өз кезегінде педагогтер көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да білім мен өнер саласының дамуына өз үлестерін қоса беретіндерін жеткізді.
📎Естеріңізге сала кетейік:
🥇 І орын – Каримуллаев Мырзабек;
🥈 ІІ орын – Идаятова Айнамкөз;
🥉 ІІІ орын – Қазиев Артур.