Садуахасова Гульнара Манапқызы 1970 жылы 1 наурызда Атырау облысы, Новобогат ауданы қазіргі Исатай ауданы/ Новобогат селосында /Хамит Ерғалиев ауылында/ дүниеге келген.
Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
1985 жылы қалалық балалар музыка мектебінің фортепиано класын бітіріп, сол жылы Гурьев музыка училищесіне оқуға түсіп,
1989 жылы ойдағыдай бітіріп шықты.
1985жылы оқумен қатар еңбек жолын концертмейстер ретінде бастап, облыстық, республикалық конкурстарда өнер көрсетті.
1991-97 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «Музыкатану» факультетінде оқып аяқтады.
1993жылы музыка училищесінде «Музыка теориясы» пәндері оқытушысы болып еңбегін жалғастырды.
Садуахасова Гульнара Манапқызы — колледж және облыс деңгейінде алдыңғы қатардағы оқытушы- музыкатанушы.
Г.М. Садуахасова өзінің мамандығы бойынша оқу бағдарлама материалдарын мемлекеттік тілге аударып, 1993 жылдан бері сабақтарын мемлекеттік тілде өткізетін алғашқы ұстаз.
Атырау музыка колледжінде 2000-2003 жылдары қазақ музыка әдебиеті, фольклор кабинеттерінің меңгерушісі ретінде жұмысты жандандыруға, дамытуға күш жігерін салды.
2002-2006 жылдары «Музыкатанушы» мамандығы бойынша «М.Әуезов атындағы Алматы әдебиет және өнер» институтының аспирантурасын үздік оқып бітірді.
«Музыкальная критика современного Казахстана: Перспективы. Проблемы» тақырыбындакандидаттық диссертация жұмысынқорғап, Батыс Қазақстан өңірінде тұңғыш «Өнертану ғылымдарының кандидаты» атанды.
2014-2017 жылдары Чехия мемлекеті Прага қаласындағы Орталық Богем университетінде оқып, «Іскерлік әкімшілік басқару Докторы» ғылыми атағына ие болды.
Көптеген мақалалары мен баяндамалары республикалық, халықаралық ғылыми-конференцияларда тыңдалып, ақпарат құралдарында жарияланды.
Атырау музыка колледжіндееңбек еткен 2004 -2005жылдары «Музыка теориясы» пән циклының төрайымы, 2005-2007 жылдары – еңбек етудегі ынтасы, көзқарасы, жалпы тиянақтылығы, кәсіби сауаттылығы нәтижесінде ұжым мүшелерінің сеніміне сай колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2007 жылы — «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің директоры болып тағайындалды.
ҚРПрезиденті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, оның ішінде білім беру саласына жүктеп отырған міндеттерін қолдай отырып, колледж ұжымының алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін айқындап жаңаша көзқараспен жұмыс жасауға ұжым мүшелерін жұмылдыруға күш салып, колледждің өсіп өркендеуіне аянбай еңбек етіп келеді.
2009 жылдан Атырау музыка колледжі жанындағы облыстық балалар музыка мектептері директорлар Кеңесінің төрайымы.
2010 жылдан – облыстық көшбасшы әйелдер клубының мүшесі.
2011жылы –атқарылған жұмыстарының нәтижесінде Ресей, Қазақстан, Украина, Белоруссия республикаларының «Лучшие люди» Халықаралық Үлкен энциклопедиясының «Даңқ галереясына» есімі жарияланып, «Лучшие люди» Энциклопедиясының «Құрметті белгісімен» марапатталды.
2011 жылы — Атырау облыстық мәслихат депутаты болып сайланды.
2013 жылы- оқу-тәрбие, ғылыми-әдістемелік жұмыстарындағы жоғары нәтиже үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
2013 жылы – өнерлі жастарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан жастарға, мүгедек адамдарға үнемі қолдау көрсеткені үшін «Жыл меценаты — 2013» белгісімен марапатталды.
2013 — 2015 жылдары – «Қазақстанның қанатты әйелдері – 20 жыл» атты кітабына есімі еніп, өнегелі де игі істері жайында «Қазақстан әйелдері», «Тәуелсіздіктің ақ таңы» аттыреспубликалық журналдарға мақала жарық көрді және «Ай–керім», «Кешкі шай»республикалық телебағдарламаларына арнайы шақырылды.
Атырау облысында атқарылып жатырған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық жұмыстарға белсене араласады.
2014 жылы «Жастар Альянсымен» бірге Атырау облысындағы колледж бен жоғарғы оқу орындарының студенттеріне қоғамдық көліктерде 50 пайыз жеңілдігін қарастыруды облыс әкімдігіне ұсыныс жасап, оның жүзеге асуына ат салысты.
2015 жылы – облысымызда атқарылып жатырған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық жұмыстарға белсене араласып, көптеген жұмыстардың орындалуына атсалысқаны үшін «ҚР мәслихаттарына 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды.
Г.М.Садуахасова — ҚР Президентінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыстық, республикалық деңгейдегі «Құрмет грамоталарымен» және бірнеше «Алғыс хаттармен» марапатталған.
2017 жылы – «Алаш ұстазы» төсбелгісімен марапатталды.
2017 жылы – «Қазақстан-Атырау» телеарнасы ұйымдастыруымен өтілген «Телеарна таңдауы» жобасында «Сенімді серіктес» номинациясымен марапатталды.
2017-2018 ж/ж — ҚР Президентінің, Ресей Федерациясы, Италия, Араб біріктірілген Әмірлігінің және ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыстық, республикалық деңгейдегі «Құрмет грамоталарымен» және бірнеше «Алғыс хаттармен» марапатталған.