Фортепиано-оркестр пән бірлестігінде, Құрманғазы атындағы қазақ Ұлттық консерваториясынан жоғары білім алып, жұмыс жасап келе жатқан жоғары санатты тәжірибелі мамандар білім береді. Олар - Шынбаева А.Т- ПБ төрайымы, «Алаш ұстазы», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Г.С. Бөлекбаева - «Ыбырай Алтынсарин», «Алаш ұстазы»,төсбелгісінің иегері, Поплевина О.В. - «Алаш ұстазы», «Білім беру үздігі» төсбелгісінің иегері, Курмантаев М.О., -жоғары санатты гобой аспабының маманы, Гажапбеков А.Г., - үрлемелі- соқпалы аспаптар маманы, Шакиева К.М. фортепиано маманы. Бүгінгі таңда фортепиано бөлімінде жоғары білім алған жас мамандар Доскабылова А.Т., Кенжегарина Л.А., Алпамыс Д.А., Мадиниетов М.- оқытушылық және концертмейстрлік қосымша жұмыста. Бөлім оқытушылары өз білімдерін ұзақ жылдар бойы білім беру саласында жинақталған тәжірибемен ұштастырып келеді. Осындай құрамда жұмыс жасапжатырмыз. «Д.Нұрпейісова атындағы Халықтык музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі фортепиано-оркестр пән бірлестігінің студенттері бүгінгі таңда әртүрлі деңгейдегі конкурс фестивальдерде және концерттік алаңдарында өз өнерлерін көрсетіп келеді. Бірнеше мәрте лауреаттар дайындағаны үшін, оқытушылар қазылар алқасы атынан бірнеше рет Диплом, Алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ бітірушілер Ұлттық консерваторияда білім алып шығып жұмыс бастап жатса, бір қатары Ресей Федерациясы Астрахан мемелкеттік консерваторияның магистратурасында оқуын бітіріп колледжге оқытушы жән концертмейстер ретінде қабылданды. Осы жылдар аралығында фортепиано және оркестр бөлімін 500 ден аса мамандар бітіріп республикамыздың әр түкпірінде шетелдерде табысты еңбек етуде. Оқытушыларымыз облыстық Республикалық сайыстарында қазылар алқасының құрамына шақырылады. Астана, Алмата, Астрахань, Атырау, Ростов-на Дону қалаларында өз біліктілігін арттыру, білімін жетілдіру мақсатында курстарға жие қатысып тұрады. ПБ төрайымы Айгуль Темировна ұйымдастыруымен облыстық «Шаттық» сайыс-фестивальдері, облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстары өтті. Ресей мемлекеті, Астрахань қаласындағы Астрахан мемлекеттік консерваториясының доценті, Астрахань филармониясының солисті, халықаралық конкурстарының лауреаты - Михайлов Илья Сергеевич пен біріге отырып фортепиано класы оқытушылары мен оқушыларына арналған семинарлар өткізіледі.
Ел ертеңі – білімді жастар. Білім бар жерде - даму, жетілу, жеңіске жету- биік белестер болады. Бізің дарынды жастарымыз еңбек жолында қоғамды өрге бастыра алады. Біз ертеңімізге сенеміз!!!
Шынбаева А.Т-ПБ төрағасы, «Алаш ұстазы», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері
Айгуль Темировна Шинбаева, 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы, Гурьев музыкалық училищесін үздік бітіріп, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқуын жалғастырып, концертмейстер ретінде жұмысқа қабылданады. Айгуль Темировна фортепиано бөлімінде бірқалыпты жұмыс жасап, дамуына өз білімін, күшін аямай еңбек етуде. Колледж өміріне белсене араласып, өзін іскер, белсенді маман ретінде танытты. Жоғары санатты оқытушы 2015 жылдан бастап фортепиано бөлімі меңгерушісі. 2018 оқу жылында фортепиано – оркестр пән бірлестік төрайымы.
Оқытушы сабақтары әдістемелік жағынан жетік, сауатты өтеді, сыныбы бойынша үлгерім және оқу сапасы әрдайым жоғары деңгейде. Айгуль Темировна өткізген ашық сабақтар әр кез көңілге қонымды, кәсіби танымдылығымен қызығушылық танытып, есте сақталады. Сабақ барысында қолданған инновациялық педагогикалық әдістері тәжірибе таратуға лайықты және ұстаздың ізденісін, ойшылдығын көрсетеді. Айгуль Темировнаның класынан бітірген 35 түлектің 25-і жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастырып, балалар музыка мектептерінде және музыкалық колледжде еңбек етуде. Сондай-ақ сынып бітірушілері Ұлттық консерваторияда білім алып шығып жұмыс бастап жатса, бір қатары Ресей Федерациясы Астрахан мемелкеттік консерваторияның магистратурасында оқуын бітіріп колледжге оқытушы жән концертмейстер ретінде қабылданды. Айгуль Темировна шәкірттерінің шығармашылық тұрғыда дамып, кәсіби өсуіне үлкен көңіл бөледі, сол тұрғыда жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Айгуль Темировна ұйымдастыруымен облыстық «Шаттық» сайыс-фестивальдері, облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстары өтті. Ресей мемлекеті, Астрахань қаласындағы Астрахан мемлекеттік консерваториясының доценті, Астрахань филармониясының солисті, халықаралық конкурстарының лауреаты - Михайлов Илья Сергеевич пен біріге отырып фортепиано класы оқытушылары мен оқушыларына арналған «Вопросы фортепианного исполнительства» атты семинарді өткізді. Класс студенттері түрлі деңгейдегі конкурс, фестивальдерге қатысып, колледж мәртебесінің өсуіне өз үлестерін қосуда. Бірнеше мәрте лауреаттар дайындағаны үшін, қазылар алқасы атынан бірнеше рет Диплом, Алғыс хаттармен марапатталды: Халық аспаптарда орындаушылардың Республикалық конкурстарына сүйемелдеуші ретінде қатысқан үшін «Құрмет» грамотасы; Атырау облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамоталары, түлектері жоғары оқу орындарына түскені және лауреаттар дайындағаны үшін колледж тарапынан «Мақтау қағаздармен», Облыстық маслихаттың «Алғыс» хатымен, және 2016-2017ж. «Алаш ұстазы» медалімен марапатталған. 2018-2019 оқу жылында «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісінің иегері атанды. Оқытушы облыстық, республикалық сайыстарында қазылар алқасының құрамында болды. Астана, Алмата, Астрахань, Атырау, Ростов-на Дону қалаларында өз біліктілігін арттыру, білімін жетілдіру мақсатында курстарға қатысқан. 2019ж. және 2024 «Зияткерлік қоғам» журналында өз әдіснама бөліскен үшін «Алғыс хат» иеленді.