Негізгі мазмұнға өту
Атырау музыка колледжі

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ КУРС ӨТТІ

🔰Бүгін колледж студенттеріне арналған «Атырау өлкесі халқының материалдық емес мәдениеті: өткені және бүгінгісі» тақырыбында арнайы курс өтті.

📌Курс авторы - Ш. Нағымұлы, Атырау университетінің профессоры, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің құрметті профессоры, «Мәдениеттану» оқулығының авторы.

📌Арнайы курс барысында студенттер Атырау өңірінің бай рухани мұрасымен, ұлттық салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен, халық ауыз әдебиетімен және дәстүрлі өнерімен танысты. Өңірдің мәдени ерекшеліктері мен рухани құндылықтарын зерделеу арқылы өткен мен бүгіннің сабақтастығын тануға мүмкіндік алды.

📌Мұндай танымдық кездесулердің маңызы зор. Себебі ұлттық мәдени мұраны танып-білу – жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырудың маңызды жолы.

✅Рухани мұра – ұлттың баға жетпес қазынасы, ұрпаққа аманат!

#АтырауӨлкесі #РуханиМұра #ҰлттықҚұндылықтар #КолледжӨмірі

Барлық жаңалықтар