Негізгі мазмұнға өту
Атырау музыка колледжі

Қазақстан Республикасының Халық әртісі, күй өнерінің көрнекті өкілі Әзидолла Есқалиев атындағы «Алтын домбыра» халықаралық байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің «Домбыра» пәндік бірлестігінің бі

Кездесу барысында директор жас өнерпаздарға жылы лебізін білдіріп, олардың жетістіктері – ұстаздар еңбегінің, ізденіс пен табандылықтың жемісі екенін атап өтті. Сонымен қатар ұлттық өнерімізді ұлықтап, домбыра өнерінің дамуына үлес қосып жүрген білім алушыларға алдағы шығармашылық жолдарында толағай табыстар тіледі.

Байқау қорытындысы бойынша:

🥉 Өміржан Ә. – III орын иегері.

Оқытушысы – С. Әлібеков.

Нұрланов Н. – дипломант.

Оқытушысы – Е. Сақтанов.

✅Жас домбырашыларымызды және олардың жетекші ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Өнер жолындағы жеңістеріңіз жалғасын тауып, ұлттық мәдениетімізді әлемге таныта беріңіздер!

Барлық жаңалықтар