Негізгі мазмұнға өту
Атырау музыка колледжі

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігі Атырау облысының Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырып жатқан «Құқықтық-заңгерлік кеңес беру орталығы» әлеуметтік маңызы бар жобасы аясында студенттермен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру, заң аясында өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, құқық бұзушылықтардың, есірткі қылмыстарының, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, интернет-алаяқтықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Кездесудің модераторы – Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Ш. Дюсемалиева.

Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер:

🔹 Орынгүл Төре Мұратқызы – Атырау облыстық Құқықтық кеңес беру орталығының жетекшісі.

🔹 Ескулов Болат Карабалаевич – Атырау облысының «Құқықтық-заңгерлік кеңес беру орталығының» заңгері.

🔹 Ідрісов Айбол Қайратұлы – Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры.

🔹 Мұхамбетәлиев Дәурен Максимұлы – Атырау облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны.

Кездесу барысында мамандар студенттерге құқықтық мәселелер бойынша түсіндірме беріп, өзекті тақырыптарды қозғады. Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың алғашқы қадамы!

#АдалАзамат #ҚұқықтықСауаттылық #ЗаңМенТәртіп #Шаңырақ2008 #АтырауМузыкаКолледжі

Барлық жаңалықтар