ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ МҰРА – ҰРПАҚҚА АМАНАТ
28.10.2026 ж. күні колледжімізде студенттерге арналған «Атырау өлкесі халқының материалдық емес мәдениеті: өткені және бүгінгісі» тақырыбындағы арнайы курстың екінші сабағы өтті.
📌Арнайы курстың авторы – Ш. Нағымұлы, Атырау университетінің профессоры, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің құрметті профессоры, «Мәдениеттану» оқулығының авторы.
Бұл сабақтың басты мақсаты – студенттерге Атырау өңірінің бай мәдени мұрасын тереңірек таныстыру, ұлттық өнердің тарихи сабақтастығын түсіндіру және рухани құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру.
📌Сабақ барысында лектор өнер саласына кеңінен тоқталып, XIX–XX ғасырлардағы қазақ өнерінің көрнекті өкілдері мен олардың шығармашылық мұралары туралы мазмұнды дәріс оқыды. Студенттер халқымыздың өнер тарихындағы құнды туындылармен танысып, ұлттық мәдениеттің қалыптасуы мен даму кезеңдері жөнінде тың мәліметтер алды.
📌Дәріс соңында сабақ танымдық ойындармен жалғасын тапты. Интеллектуалдық тапсырмалар мен қызықты сұрақтар студенттердің алған білімдерін пысықтап, тарихи-мәдени танымын кеңейтуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, олардың белсенділігін арттырып, өнер тарихына деген қызығушылығын нығайтты.
📌Осындай тағылымды кездесулер – жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды терең түсінуіне, төл мәдениетіміздің асыл мұрасын бағалай білуіне және оны келешек ұрпаққа жеткізу жауапкершілігін сезінуіне жол ашатын маңызды білім алаңы.
Ұлттық мәдениетті тану – өткенді құрметтеу, бүгінді бағалау және болашаққа аманат қалдыру!