Негізгі мазмұнға өту
Атырау музыка колледжі

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНДА – ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында мәдениет және өнер саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.

📌Аталған байқауға «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің ұстаздары қатысып, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.

📌Білім мен өнерді ұштастырған білім додасында колледж педагогтері жүлделі орындарға ие болып, оқу орнының мерейін асқақтатты:

🥇 І орын – Каримуллаев Мырзабек;

🥈 ІІ орын – Идаятова Айнамкөз;

🥉 ІІІ орын – Қазиев Артур.

📌Бұл жетістік – ұстаздардың кәсіби ізденісі мен тынымсыз еңбегінің, шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігінің айқын көрінісі.

📌Өнер мен білім жолында аянбай еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеумен қатар, өз кәсібиліктерін де шыңдап жүрген әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

✅Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, толағай жетістіктер мен биік белестер тілейміз! Өнерлеріңіз өрге жүзсін!💐👏🏻 «Айта кететін жайт, Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Мәдениет және өнер» саласы бойынша жыл сайын өткізілетін республикалық кәсіби шеберлік конкурсы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға, педагогикалық шеберлігін жетілдіруге және озық тәжірибелерін кеңінен насихаттауға бағытталған.

Аталған республикалық конкурсқа «Дина Нұрпейсова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің педагогтері жыл сайын белсенді қатысып, өздерінің жоғары кәсіби даярлығы мен шығармашылық шеберлігін танытып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

Колледж педагогтерінің республикалық конкурстағы жетістіктері:

* 2023 жылы: Бас жүлде – 1, I орын – 2;

* 2024 жылы: Бас жүлде – 2, II орын – 1, III орын – 2;

* 2025 жылы: Алтын медаль – 2, Күміс медаль – 2;

* 2026 жылы: Алтын медаль – 1, Күміс медаль – 1, Қола медаль – 1.

Осылайша, 2023–2026 жылдар аралығында колледж педагогтері республикалық кәсіби шеберлік конкурсынан барлығы 15 жүлделі орын иеленді.

Бұл жетістіктер – колледж педагогтерінің жоғары кәсіби біліктілігінің, үздіксіз ізденісінің, шығармашылық белсенділігі мен педагогикалық шеберлігінің айқын көрінісі.

Республикалық деңгейде қол жеткізілген нәтижелер оқу орнындағы білім беру сапасының жоғары екендігін, педагогикалық ұжымның кәсіби әлеуеті мен шығармашылық мүмкіндіктерінің зор екенін дәлелдейді.»

Барлық жаңалықтар