КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ ҰСТАЗДАРДЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ!
🔰Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаздық - ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның жүрегіне ізгілік пен адамгершілік дәнін себетін, ел болашағына бағыт-бағдар беретін қасиетті мамандық.
📎Сіздердің әр сабақтарыңыз, әрбір шәкіртке берген ақыл-кеңестеріңіз бен қолдауларыңыз - жас ұрпақтың болашағына қосылған үлкен үлес. Әсіресе өнер мен білімді қатар алып жүрген шәкірттеріміздің шығармашылық жолында сіздердің еңбектеріңіз айрықша.
📎Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, шығармашылық шабыт және кәсіби жетістік тілеймін!
✅Ұстаз деген ұлы есімге лайықты еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін!
Ұстаздар күні құтты болсын!👏🏻💐