Негізгі мазмұнға өту
Атырау музыка колледжі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ: МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫ

2026 жылғы 16 қазан күні Республика күніне орай тарих пәнінің оқытушылары Б.Н. Хожакова мен Д.Е. Қабиденнің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы: мемлекеттіліктің қалыптасу жолы» тақырыбында ғылыми-танымдық колледжішілік конференция өтті.

🎯 Конференцияның мақсаты – студенттерге қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихын, тәуелсіз Қазақстанның даму кезеңдерін тереңірек таныту, ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздердің маңызын ұғындыру, азаматтық жауапкершілік пен ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

✨ Тағылымды шараға 1 - 4 курс студенттері қатысып, қазақ мемлекеттілігінің тарихи тамырынан бастап, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері мен мемлекеттіліктің даму жолы туралы мазмұнды баяндамалар жасады. Студенттер еліміздің тарихына тереңірек үңіліп, ұлттық құндылықтар мен тәуелсіздіктің маңызын кеңінен танытты.

🏆 Конференция соңында шараға белсене қатысып, өз білімдері мен ізденістерін көрсеткен студенттер Алғыс хаттармен марапатталды.

🇰🇿 Тарихты тану – өткенді бағалау, тәуелсіздікті қадірлеу

Барлық жаңалықтар