Біз үшін ерекше қуаныш әрі зор мақтаныш – халықаралық байқаудың алты адамнан тұратын қазылар алқасының төрт мүшесі өз оқу орнымыздың түлектері болуы!
Олар – қазақтың ұлттық музыка өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, елімізге кеңінен танылған өнер майталмандары:
📎Айтқали Жайымов – Қазақстан Республикасының Халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, күйші-композитор, дирижер, профессор.
📎Кәрима Сахарбаева – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Атырау облысының Құрметті азаматы.
📎Роза Айдарбаева – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, профессор.
📎Болат Долдашев – “Құрмет” ордені, “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты.
📌Бір кездері осы оқу ордасының табалдырығын аттап, өнер жолындағы алғашқы кәсіби қадамдарын жасаған түлектеріміздің бүгінде халықаралық деңгейдегі байқауда төрелік етіп, жас таланттардың өнеріне баға беруі – оқу орнымыздың қалыптасқан дәстүрі мен ұстаздар еңбегінің жарқын жемісі!
📌Осындай өнер тарландарын тәрбиелеп шығарған оқу орнымызбен, олардың биік белестерге жетуіне жол ашқан ардақты ұстаздарымызбен мақтанамыз!
Бұл – ұрпақтар сабақтастығының, ұлттық өнерге деген адалдықтың және талай жылдар бойы қалыптасқан кәсіби білім беру мектебінің айқын көрінісі.
✅Жеңімпаз шәкірттеріміз бен ұстаздарымызға шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!
Өнеріміз өркендеп, шәкірттеріміздің мерейі үстем, түлектеріміздің абыройы асқақтай берсін!👏🏻💐