Негізгі мазмұнға өту
Атырау музыка колледжі

Бітіруші түлектерге психологиялық қолдау көрсету.

.

Колледждің педагог-психологі Аманжанқызы Жайна бітіруші түлектер арасында Google Forms платформасы арқылы «Емтихан кезіндегі стресстен қалай арыламыз?» және «Толеранттылық (төзімділік) дегеніміз не?» тақырыптары бойынша психологиялық диагностика жүргізді.

📎Диагностиканың мақсаты – студенттердің емтихан алдындағы эмоционалдық жағдайын, қобалжу деңгейін анықтау, стресске төзімділігін бағалау және толеранттылық қасиеттерін зерделеу.

Диагностика нәтижелері түлектердің психологиялық жай-күйін анықтауға, қажетті психологиялық қолдау көрсетуге және емтиханға дайындық кезеңінде эмоционалдық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.

Психологиялық қолдау – сенімділік пен табысқа бастар жол!

Барлық жаңалықтар