«Астана-Мерей» халықаралық байқауында колледж білім алушылары жүлделі орындарға ие болды
🔰«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің білім алушылары Астана қаласында 9–13 қараша аралығында өткен XXII «Астана-Мерей» халықаралық орындаушылар байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
📌Аталған байқауда колледждің 2-курс студенті Капсихов Мадир жоғары топ бойынша I орын иеленіп, байқау лауреаты атанды. Жас өнерпаздың жетекшісі – Камалиденов Ерболат Әнесұлы.
📌Сонымен қатар, байқаудың «Үш ішекті аспаптар (шертер)» және «Домбыра» номинациялары бойынша колледж білім алушылары да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді.
«Үш ішекті аспаптар (шертер)» номинациясы:
🥇 Шалқар Нұрасыл – I орын.
Оқытушысы: Хожахметов Е.
🥈 Әли Айнель – II орын.
Оқытушысы: Урбисинова Г.
🥉 Қыдырбай Ерсін – III орын.
Оқытушысы: Жұмағалиев А.
«Домбыра» номинациясы:
Орта топ:
🥉 Абзалұлы Ұ. – III орын.
Оқытушысы: Әлібеков С.
Үлкен топ:
🥉 Ғұбайдолла Ә. – III орын.
Оқытушысы: Әлібеков С.
🏅 Серік Ғ. – Диплом.
Оқытушысы: Сақтанов Е.
🏅 Сағындық С. – Алғыс хат.
Оқытушысы: Елешов А.
📌Бұл жетістіктер – білім алушылардың тынымсыз ізденісі мен жүйелі дайындығының, ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің жемісі.
📌Колледж ұжымы байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ олардың ұстаздарын шын жүректен құттықтайды! Алдағы уақытта да өнер жолында биік белестерді бағындырып, ұлттық музыка өнерінің өркендеуіне үлес қоса берулеріне тілектестік білдіреді!
Жеңістеріңіз құтты болсын! 🌟