«Адал азамат» бір тұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледждің тәрбие жоспарына сәйкес «Оқуға құштар өнер ордасы» жобасы аясында колледж кітапханасында «Кітап оқитын колледж» атты рухани-танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға ХАБ (А) тобының 1-курс студенттері мен топ кураторы Урбисинова Г.У. белсене ұйымдастырып, өткізуге колледж кітапханашысы Құспанғалиева А.Т. да өз үлесін қосты.
📎Сонымен қатар, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Ш. Дюсемалиева сөз сөйлеп, студенттерге шығарманың мазмұны мен тәрбиелік мәніне қатысты сұрақтар қойып, сұрақ-жауап ұйымдастырды.
📎Студенттер қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Бұл өз кезегінде олардың шығарманы қаншалықты түсінгенін бағалауға, ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға мүмкіндік берді.
📎Республикалық марафон аясында оқуға ұсынылған 15 кітаптың ішінен Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы таңдалып, осы туынды негізінде рухани-танымдық іс-шара өткізілді.
📎Іс-шара барысында шығарманың мазмұны мен тәрбиелік мәні талқыланып, туындыдағы ұлттық салт-дәстүр, отбасы тәрбиесі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету секілді құндылықтарға назар аударылды. Студенттер шығармадан алған әсерлерімен бөлісіп, өз ой-пікірлерін білдірді.
✅Шараның негізгі мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор деңгейде өтіп, студенттердің рухани дүниесін байытуға және кітап оқуға деген ынтасын арттыруға ықпал етті.