21 қазан - «МЕН ЕЛІМНІҢ ҰЛАНЫМЫН» — елдік рухты асқақтатқан тағылымды шара!
«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінде «Актерлік өнер және жалпы фортепиано», «Фортепиано-оркестр», «Музыка теориясы» пән бірлестіктерінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Мен елімнің ұланымын» атты тәрбиелік шара өтті.
📌Елдік рухты асқақтатқан тағылымды кеш студенттердің Отанға деген сүйіспеншілігін, ұлттық құндылықтарға құрметін және азаматтық жауапкершілігін дәріптеуге арналды.
📌Шара барысында студенттер патриоттық тақырыптағы шығармаларды орындап, ел тарихы, ұлттық құндылықтар мен Қазақстанның жетістіктеріне қатысты интеллектуалды сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен зеректіктерін көрсетті.
Өнер мен білім тоғысқан бұл шара ерекше әсерге, көтеріңкі көңіл күйге және патриоттық рухқа толы болды. Студенттер белсенділік танытып, ел болашағы — білімді, саналы, отаншыл ұрпақ екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.