Исполнение народных песен на домбре

Решением Атырауского областного комитета культуры в 1993 году в составе отдела народных инструментов Атырауского музыкального колледжа был открыт класс «Народная песня". Это были годы, когда страна достигла независимости и начала заново анализировать свою историю, искусство и культуру с новой точки зрения. В эти годы главным спросом в связи с требованиями нового времени стало возрождение одной из областей ценного искусства нашего народа- «традиционное пение, жыршы-термешілік». Организация класса народной песни, систематизация учебного процесса были доверены высшему образованию, известному домбристу-певцу учителю, Почетному работнику образования РК Р. Латифуллиной. Специальность пение народных песен на домбре в 2012-2013 учебном году вошла в состав Сун - хорового отдела. За 20 лет студенты и преподаватели добились больших успехов.
Жизнь-факт
Рая Латифуллина родилась в 1948 году в Гурьевской области. В 1969-73 гг. окончил Гурьевское музыкальное училище по специальности домбра из класса Г. Эткали и был переведен на работу в городской отдел культуры. Затем работал преподавателем по приглашению тогдашнего директора областной детской музыкальной школы им.Курмангазы А. Камалиденова. В 1979 году окончил Государственную консерваторию им. Курмангазы в классе профессора К. Мухитова. Р. Латифуллина с 1992 года преподает в Атырауском музыкальном колледже, за эти годы зарекомендовала себя в образовании молодого поколения как знающий специалист, рациональный организатор. Решением областного управления культуры был основан класс «пение на домбре», впервые открытый в 1993 году на отделении народных инструментов колледжа. До этого он преподавал в городских музыкальных школах и занимал руководящие должности в городских ДМШ, которые он основал. Многие специалисты, окончившие класс певицы-домбристки Р. Латифуллиной, работают в области в качестве артистов, педагогов. Б.Бахытова-в Исатае, г. Абилова-в Атырауской ДМШ, А. Дариева, Ш. Муханбеткалиева-в Койшыбаевской ДМШ, К. Алиева, С. Кулахметова.- В махамбете, Б. Айтжановой-Жылыойде, Ж. Кулгалиевой-Индере, г. Кожаковой– Каиршакинской ДМШ, Ш. Мукашевой, Э. Карабалиной, С. Умирзаковой, Ж. Сундеткалиевой, А. Койшыгалиевой, участвуя в работе, вносят свой вклад в пропаганду традиционной песни для будущих поколений. Вышеуказанные выпускники являются победителями районных, областных, региональных, республиканских песенных конкурсов. А. Койшыгалиева-региональный жыршы-термеши им.К. Орашевой в г. Уральске, главный призер республиканского конкурса термеши - жыршы, посвященного 200-летию Шернияза, Ш. Мукашева, Э. Карабалина-дипломанты фестиваля «Шабыт» в Астане, А. Базарова - главный призер республиканского фестиваля " Жас Толкын Лауреат Международного фестиваля «Бегущие по волнам», республиканского фестиваля Дельфийских игр в Санкт-Петербурге, неоднократные победители городских, областных конкурсов Д. Кыдыралина, Ж. Сундеткалиева, Ж. Отарбаева, Н.Жумагалиева и др.
Колледж әдіскері Р.Латифуллина ұйымдастырған колледждің 45 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция, домбырашы-ұстаз Б.Рзахановтың 70 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция, «Өнермен өрнектелген өмір» циклымен тәжірибелі ұстаздардың өмір- дерек бетшесі, «Асыл мұра» – жыр-терме, халық әндерін насихаттауға арналған облыстық семинар, курстар, сайыстар, жеке және класс концерттері, ашық сабақтар, «Педагагикалық оқулар» байқаулары әр уақытта қызықты және сәтті өтіп келеді.
Р.Латифуллина тәжірибелі маман ретінде ОКБАКДИ-нің шақыруымен курстарға лекция оқуға, аудандық БММ-ін аттестаттаудан өткізуге, облыс, қала көлемде өтіп жатырған арнайы оқуларға және ән-жыр сайыстарының қазылар алқасына, колледж бітірушілерінің мемлекеттік емтиханы комиссиясы мүшелігіне жиі шақырылып келеді. Жыл сайын колледжді бітіруші оқушылары Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағалары тарапынан лайықты бағасын алып жүр. Ә.Әпенова, А.Қазбекова Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында, А.Базарова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін тамамдады. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Музыкалық тәрбие» факультетінің «Дәстүрлі орындаушылық өнер» кафедрасында «халық әні» мамандығының ашылып қалыптасуына тікелей үлес қосты. 2007 жылы осы мамандықты алғашқы бітіруші бес маманның дипломдық жұмыстарына ғылыми жетекші болды. 2004, 2005 жылдары колледжішілік «Жыл оқытушысы» атанып және облыстық «Жыл оқытушысы-2005» сайысына қатысып 1-орынды жеңіп алды. Р.Латифуллина республикалық, Одақтық фестивальдердің жеңімпазы, дипломдарымен, облыстық білім департаментінің, облыстық кәсіподақ комитетінің, Білім министрлігінің «Құрмет» грамоталарымен марапатталған. Республикалық, Одақтық фестивальдердің бірнеше мәрте лауреаты. ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері, жоғары санатты тәлімгер- ұстаз.
Жаңа ән мамандығының Оқу стандарты мен Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу бағдарламасы Қазақстан бойынша жоқ еді. Тіпті консерваторияның өзінде оқу бағдарламасы толық жүйеленіп бекітілген жоқ болатын. Алғашқы қадам оқу бағдарламасын жасақтаудан басталды. Бағдарламаның мазмұны мен мақсаты оқушыларға Қазақстанның батыс өңірінің әншілік мектебін үйрету негізге алынды. Оны колледж Ұстаздар кеңесі бекітіп, жұмыс басталды.
Колледждің кітапхана қоры мен медиатека қорында «Халық әні» класына лайықталған оқулықтар, ноталық әдебиеттер, халық композиторларының туындылары, дәстүрлі орындаушылардың таспалары өте жұпыны болатын. Міне, осы міндеттерді орындау жолында аянбай тер төгуге тура келді. Алғашқы оқушылар 1993-94 оқу жылында өзінің алғашқы қадамын бастады. Ел арасынан немесе радио, теледидар қорынан көрнекті орындаушылардың күй табақтары мен таспаларын жинақтау, ұлы орындаушылардың өнер-өмірбаяндарын жинақтау, оларды тыңдау, үйрену, олардың оқу үрдісімен танысу, мамандықты оқыту тың жерден басталғандықтан сипатына сәйкес оқытылатын пәндерді ғылыми тұрғыдан жүйелеп, оқу бағдарламаларын жасақтау сияқты күрделі міндеттер ұстаз Р.Латифуллинаның иығына түсті. Училище басшылығы Алматы консерваториясының жанындағы «Халық әні» кафедрасында білім жетілдіру курсынан өтуге жолдама бергеннен басқа қайраным жоқ, дегендей сыңай танытты. «Ізденген жетер мұратқа» дегендей алғашқы қиындықтар бірте-бірте артта қала бастады.
Халық әні класының алғашқы оқушылары қала, облыс көлеміндегі үлкен-кіші концерттерге, сайыстарға қатыса бастады. Оқу-тәрбие жұмысы біршама қалыпқа келіп, басқа мамандықтармен қатар, бұл оқушылар домбырада ойнау, дирижерлық ету, өзі білетін әндерді, нотаға түсіруге машықтану, ұстаздық тәжірибе пәндерін игере бастады.
1996-1997 оқу жылында Алматы консерваториясын бітіріп, осы колледждің түлегі П.Құттымұратов ұстаздық жұмысқа келді. Әрі қарай бірлескен жұмыс басталды.
Өмір-дерек
Паһаман Құттымұратов 1966 жылы Теңіз ауданында туған. 1987-1991 жылдары Гурьев музыка училищесін домбыра-прима мамандығы бойынша Ә.Камалиденовтың класынан бітірді. 1991-1996 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «халық әні» мамандығы бойынша С.Жанпейісованың класынан бітірді. 1996 жылдан Д.Нұрпейісова атындағы Атырау музыка колледжінде «Халық әні» класының ұстазы болып жұмыс жасайды. Сол жылдардан бері П.Б.Құттымұратов өз білімін, күш-жігерін дәріс беретін оқушыларға аянбай жұмсап келеді. Әдістемелік баяндамалар, класс оқушыларының концерттері мен бітірушілердің жеке концерттерін жүйелі ұйымдастырумен қатар халық әндерін домбыра сүйемелімен бірге нотаға түсірген халық әндері және өзінің жеке орындауындағы ән –термелерден тұратын «Ақсұңқар» атты жинақ дискісі БММ оқушылары үшін, ұстаздық тәжірибе және БММ репертуарын оқу сияқты пәндерге көмекші құрал ретінде пайдаланылып жүр. Оның класынан бітірген оқушылар мәдени ошақтарда еңбек етумен қатар, өз өнерлерімен облыс көлемінде танымал болып жүр. Алғашқы оқушыларының бірі А.Шаужанова Алматы Ұлттық консерваториясын «Халық әні» класы бойынша бітіріп, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде сабақ береді. Д.Зұлхашев Көкшетауда өткен Ақан, Біржан, Үкілі Ыбырай атындағы, Қарағандыда өткен Ж.Елебеков атындағы республикалық әншілер сайысының жүлдегері, Исатай ауданында мәдени қызметкер. Ж.Аманова – Атырауда өткен Махамбет атындағы республикалық, Оралда өткен Қ.Орашева атындағы аймақтық жыршы-жыраулар сайысының жүлдегері, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның әншісі және Құрманғазы атындағы БММ, Э.Есқайырова- Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық әншілер сайысының дипломанты, Б.Сауытова –республикалық «Шернияздың-200» жылдығына орай өткізілген термеші-жыршы сайысының, Ө.Байділдаевтің 80-жылдығына байланысты өткен жыршылар сайысының лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын бітіріп, бүгінде Президенттік оркестрде еңбек етеді. Қ.Көшербаева, Р.Исмағулов, Н.Тауманов, қалалық жыршы-термешілер сайысының жүлдегерлері. Р.Құлжанов, А.Шәукенаева т.б.оқушылары мәдениет саласында еңбек етеді. Бірнеше конкурстардың лауреаттары Ж.Аяпов пен А.Нұралиндер бүгінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияда, Б.Ондағанова Астана Ұлттық университетте жоғары білім алуда.
П.Құттымұратов оқу жылының жоғары көрсеткіші бойынша колледжішілік «Жыл оқытушысы-2006» байқауына қатысып жеңімпаз деп танылды. Қазақстанның халық әртісі, Ғ.Құрманғалиевтің 95 жылдығына арналған республикалық әншілер сайысының жүлдегері. Колледж жанындағы БММ-нің меңгерушісі, халық әні ПБ-нің төрағасы міндеттерін атқарды, бүгінде кәсіподақ ұйымының төрағасы. Колледж әкімшілігінің, облыстық білім басқармасының, ҚР білім министрлігінің «Құрмет» грамоталарымен марапатталған, жоғары санатты оқытушы.
Бұл кезде оқушылар өнері облыс көлеміне танылып, айтулы концерттерге шақырылып, әншілік-термешілік сайыстар өткізіле бастады. Алғашқы Г.Әбілева, Ә.Бақытова сияқты оқушылар «Абайдың-150 жылдығы», «Жамбылдың-150 жылдығы», «Абай әндері» сияқты әртүрлі сайыстардың, облыс өнерпаздарының фестивалінің жеңімпазы болып жүрді. Алғашқыда «халық әні» класы оқушылары әншілік өнермен қатар домбырашылық өнерді де меңгерді. Себебі бұл бітірушілер БММ-не оқытушы болып орналасқан кезде бүлдіршіндерге әуелі аспапта ойнауды үйретуі керек болды. Осы мақсатта халық әні мамандығын меңгерген алғашқы түлектер мамандықпен қоса домбыра пәнінен Мемлекеттік емтихан тапсырып, домбырашылықты қоса меңгерді. Бірақ оқушылар мен ұстаздар иығына түскен осы қиындықтардың бейнеті мен зейнеті бірдей болды. Кейін шәкірттердің бәрі де әр аудандағы БММ-не ұстаздық жұмысқа орналасып, халық әні мамандарын даярлап отырған ұстаздардың алғашқы міндеттері мен арманы орындалғандай болды. Күні бүгін облыс көлеміндегі БММ-де халық әні кластары ашылып, алғашқы шәкірттері колледжге оқуға түсіп бітіріп, ары қарай жоғары оқу орындарында білім алуда. Сөйтіп, домбырашылық мамандықты қоса меңгерудің қажеттілігі күн тәртібінен түсті.
Р.Латифуллина өзі жасақтаған «Халық әні» мамандығының Оқу бағдарламасын пән бірлестігі оқытушыларымен бірлесе отырып, жыл сайын жіті қадағалап, оқу барысында қажеттілік тудырып отырған жағдайларды айқындап, жетілдіріп отырды. Алғашқыда Қазақстанның Батыс өңірінің Мұхиттан басталатын әншілік мектебіне үйретуді мақсат етіп қойған бұл бағдарлама, кейін өмірдің өз талабынан туындаған Қазақстанның басқа өңірлерінің ән мектептерімен таныс болу, үйрену, қазіргі композиторлардың әндерін үйрену, терме толғауларды көбірек меңгеру міндетімен, талаптарымен байытылды. Оның себебі әртүрлі беделді дәстүрлі орындаушылық сайыстардың талаптары осы бағытта құрылды. Ұстаздар бұл міндеттер мен талаптарды орындаумен қатар, республикалық, халықаралық сайыстарға оқушыларды дайындап, қатыстырып отыруға күш салып, оқушылар жүлделі орындардан көріне бастады.
Оқу бағдарламасына толықтырулар енгізуді талап ететін тағы бір жағдай: кейінгі кезде халқымыздың ұмытыла бастаған өнерінің тағы бір саласы «жыршылық- жыраулық» өнер еді. Осы өнерді қайта жаңғырту мақсатында бағдарламаға әдейі «жыр орындауды үйрену», «жыршылықты» меңгеру мақсатында жыр-дастандарды кірістіріп, екінші курстан бастап жыл бойғы сынақтардың біреуі осы жыр-дастандарды орындауға арналды. Бұл оқушылардың қызығушылығын тудырып, оқушылар, термеші- жыршылар сайыстарына қатысып биіктерден көріне бастады. Оқу бағдарламасында Арқа өңірінің ән мектебін қамту, жыл бойғы академиялық сынақтарда және мемлекеттік емтиханда бір Арқа өңірінің әнін орындау талабы қойылып, бұл жақсы нәтиже берді. Сөйтіп, әртүрлі дәстүрлі орындаушылар сайыстарына қатысу оқушыларымызды ынталандыра түсті.
2000-2004 жылы колледжде «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты әнші С.Жанпейісованың колледжге басшылыққа келіп, жұмыс жасауы, белгілі әнші Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі М.Төрешовтің тұрақты түрде «Шеберлік сабақтарын» жүргізуі оқушылардың орындаушылық шеберліктерін арттыруына елеулі үлес қосты. Осы жылдары оқытушы А.Сейтенова жұмысқа келді. Халық әні класының бітірушілері жоғары оқу орындарына түсе бастады.
Әр жылдарғы бітірушілер Мемлекеттік емтихан комиссиясы төрағаларының лайықты бағасын ала отырып, кәсіби ақыл кеңестерін нәтижелі қолдануда. 20 жыл уақыт ішінде «Халық әні» класы басқа мамандықтар секілді аяғынан тең басып тұр деуге негіз бар. Пән бірлестігінде музыкалық тәрбиелік жұмыстар, колледжішілік ән сайыстары, класс концерттері, бітірушілердің жеке концерттері табыспен, зор белсенділікпен өтіп, дәстүрлі орындаушылық өнерді насихаттау мақсатында БММ-і оқытушылары үшін семинар-оқулар, курстар өткізу дәстүрге айналды. Бұл шаралардың ең көрнектілері Қазақстанның халық әртісі Батыс өңірінің әншілік мектебінің көрнекті өкілі, халқымыздың сүйікті әншісі –Ғ.Құрманғалиевтің туғанына 90 жыл толуына арналған колледжішілік әншілер сайысы мен осы тақырыптағы семинар, жыршылық-термешілікті насихаттау үшін ұйымдастырылған «Асыл мұра» курстары аясындағы шаралар, дауылпаз ақын Махамбеттің 200 жылдығына байланысты Махамбеттің күйшілік-жыраулық қырын әйгілейтін сахналанған шара көрермендер көңілінде ұзақ сақталды. Жекелеген әншілердің орындауындағы ән-термелерден концерттік бағдарламалар облыстық теледидардың «Әсем саз» сазды бағдарламасында көрнекті орын алып, көрермендердің сұраулары бойынша эфирден жиі беріліп тұрады. Бұл шаралардың барлығы Р.Латифуллина бастаған пән бірлестігі оқытушыларының ізденісі мен табанды еңбектерінің нәтижесі. Колледждің бірінші сатысы балалар музыка мектебінде де халық әні класына оқуға соңғы жылдары тілек білдірушілер саны артып келеді. Колледжішілік сайыстарда, Б.Рзаханов атындағы облыстық «Жас орындаушылар» сайыстарында мектеп оқушылары арасында өткізіліп жүрген әр түрлі сайыстарда да жас бүлдіршін орындаушылардың өнері лайықты бағаланып жүр. Осында дәріс беріп келе жатырған ұстаздарының еңбегін жалғастырушы колледждің көрнекті түлектерінің бірі Қойшығалиева Альбина 2007 жылдан бері колледж жанындағы БММ-не жұмысқа келіп, алғашқы бүлдіршін шәкірттерін тәрбиелеуге кірісті. 2014 жылы колледж түлегі Сүндетқалиева Жұлдыз алғашқы ұстаздық қадамын бастады. Қасиетті өнердің өрісінің кеңеюіне, ұлттық өнердің мәртебесінің биіктей беруінде ұстаздарының еңбегін шәкірттері осылайша лайықты жалғастыра береді. Алда толған арман, толған мақсат…Өнер көші тоқтамасын.
Халық әні пән бірлестігінің оқытушылары мен оқушылары
«Асыл мұра» термешілер семинары қатысушыларына көрсетілген концерттен кейін
Оқытушы П.Құттымұратов сабақ үстінде
Оқытушы Р.Латифуллина оқушысы Г.Әбілева 1994 жыл
Концерттен кейін 2006 жыл
Қазақстанның Халық әртісі Р.Ғабдиев колледж түлегі А.Алдамжаровпен конкурстан кейін
Домбырамен халық әндерін орындау класының студенттері 2013-2014 оқу жылы
«Ән айтыс» концерттік бағдарламасынан кейін 2008 жыл